"Жануарлардың инвазиялық ауруларын алдын алу және жою жөнiндегi ветеринариялық ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы № 654 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 625 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 22 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6589 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – (Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімі аппаратының басшысының 15.04.2014 № 04-8/1708 хаты).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 16 ақпандағы № 48 "Мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы" қаулысының (нормативтік – құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-100 тіркелген, аудандық "Қарғалы" газетінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 20-21 (4526-4527) жарияланған) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
      1 тармақтағы "кәсіпорындар мен ұйымдарға меншік түріне қарамастан мүгедектерге, жалпы жұмыс орындарынан 3 пайыз көлемінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін" деген сөздерінен кейін "және мүгедектер үшін арнайы, сондай – ақ әлеуметтік жұмыс орындары құрылсын" деген сөздермен толықтырылсын
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Тынымгереевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Сағиев