Денсаулық сақтау субъектілерінің есеп беру құжаттамаларының нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 742 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 18 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6586 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің м.а 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 616 Бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011.03.28 N 82 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2010 жылдың сәуір-мауcымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі N 103 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің 2010 жылғы 6 сәуірде N 10-6-146 болып тіркелген, 2010 жылғы 10 сәуірде N 28, 2010 жылғы  14 сәуірде N 29 "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасымен құрылған Аудандық шақыру комиссиясының құрамына енгізілcін:
      Төребаева Күміс -"Жалағаш аудандық емхана" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша);
      мына:
      "Каметов Ханзулла Садуақасұлы -"Жалағаш аудандық емхана" мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы, (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Каметов Ханзулла Садуақасұлы -"Жалағаш аудандық емхана" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы, (келісім бойынша)";
      көрсетілген қаулының 2-қосымшасымен құрылған Аудандық шақыру комиссиясының құрамындағы адамдар уақытша болмаған жағдайда (сырқаттануы, демалыс, іссапар және тағы басқалар) оларды ауыстыратын қосымша аудандық шақыру комиссиясының құрамына енгізілсін:
      Үдербаева Назгуль -"Жалағаш аудандық емхана" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның мейірбикесі комиссия хатшысы (келісім бойынша);
      мына:
      "Лаубаева Гүлжахан Сейтқасымқызы -"Жалағаш аудандық емхана" мемлекеттік мекемесі бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрайымы, (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Лаубаева Гүлжахан Сейтқасымқызы -"Жалағаш аудандық емхана" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрайымы, (келісім бойынша)";
      6-тармақтың 1) тармақшасындағы "аяжандардың" деген сөз "мейірбикелердің" деген сөзбен ауыстырылсын;
      аталған комиссиялар құрамынан Н.Сайлыбаева, Л.Ким шығарылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі                              Қ. Бекенов