Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының м.а. 2010 жылғы 5 қазандағы № 288 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 18 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6578 болып енгізілді

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ереженің 14-тармағының 2) тармақшасына және 19-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестрінде № 6334 тіркелген,  2010 жылы 11 тамызда № 326-327 (26170) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманың 1-қосымшасында:
      Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының (1-нысан) «Отбасы мүшелерінің тізімі» 1-бөлімі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының 1-ден 20-ға дейінгі тармақтары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Тіркелімдер және сыныптамалар департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның м.а.                                    Ю. Шоқаманов

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі
      А.Күрішбаев ______________
      2010 жылғы 6 қазан

Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
төрағасының м.а. 
2010 жылғы 5 қазандағы
      N 288 бұйрығына  
1-қосымша     

1. Үй шаруашылығы мүшелерінің тізімі

1

Үй шаруашылығы мүшесінің реттік нөмірі

01

02

03

04

05

2

Тегі






3

Аты






4

Әкесінің аты






5

ЖСН






6

7

8

Бірінші жазылған үй шаруашылығы мүшесіне қатынасы

01





бірінші жазылған адам – 1, әйелі/күйеуі - 2, қызы/ұлы - 3, анасы/әкесі - 4, апасы/қарындасы/ағасы (інісі) - 5, жұбайының (зайыбының) ата-анасы - 6, келіні/жеңгесі/абысыны/күйеу баласы - 7, әжесі/атасы - 8, немересі - 9, туыстықтың басқа дәрежесі, жекжаттық - 10, туыс емес - 11

Реттік нөмірі

анасы немесе әкесінің






Жұбайының (зайыбының)






9

Жынысы (ер - 1, әйел - 2)






10

Ұлты (1-кестені қараңыз)






11

Оқиға датасы кк.аа.жжжж.

туу






12

өлу






13

неке жағдайы

бірінші неке






14

тұл/жесір






15

ажырасқан






16

соңғы неке






17

келу






18

кету






19

Білімі

2011 ж.






2012 ж.






2013 ж.






2014 ж.






2015 ж.






мектепке дейінгі - 1, бастауыш - 2, негізгі орта - 3, жалпы орта - 4, бастауыш кәсіптік - 5, орта арнаулы - 6, аяқталмаған жоғары - 7, жоғары - 8, жоғары оқу орнынан кейінгі - 9

20

Білім беру ұйымында оқитындар

2011 ж.






2012 ж.






2013 ж.






2014 ж.






2015 ж.






мектепке дейінгі - 1, жалпы білім беретін мектеп - 2, техникалық және кәсіптік - 3, ЖОО - 4, жоғары оқу орнынан кейін - 5, біліктілікті арттыру курстары – 6

21

Жұмыспен қамтылу жағдайы

2011 ж.






2012 ж.






2013 ж.






2014 ж.






2015 ж.






жалдамалы қызметкер -1, жұмыс беруші – 2, жеке негізде жұмыс істеуші -3, жеке қосалқы шаруашылықпен (жеке ауласымен) айналысушы - 4, өндірістік кооператив мүшесі - 5, отбасылық кәсіпорынның ақы төленбейтін жұмыскері – 6, жұмыссыз – 7

22

Күнкөрістің негізгі қаражат көзі

2011 ж.






2012 ж.






2013 ж.






2014 ж.






2015 ж.






жалдамалы жұмыстан табыс - 1, өз бетінше жұмыс істеуден табыс (жеке қосалқы шаруашылықтағы жұмыстан басқа) - 2, жеке қосалқы шаруашылықтағы жұмыс - 3, стипендия - 4, зейнетақы - 5, жәрдемақы - 6, туысқан немесе жақындардан көмек - 7, жеке меншіктен табыс, дивидент, сыйақылар - 8, асыраудағы – 9, өзге - 10


Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі 
төрағасының м.а.  
2010 жылғы 5 қазандағы
№ 288 бұйрығына   
2-қосымша     

Әр шаруашылықты есепке алу кітабында жазбаларды жүргізу

      1. № 1 нысан - әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабы келесі бөлімдерден тұрады: 1. «Үй шаруашылығы мүшелерінің тізімі», 2. «1 қаңтардағы тұрғын үй жағдайлары», 3. «1 қаңтардағы жеке меншікке жататын ауылдық (селолық), кенттік округтың шегінде және оның шегінен тыс жалға берілген (алынған) жерлер», 4. «Шаруашылықтың жеке меншігі болып табылатын мал (басы)», 5. «1 қаңтардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының бары туралы мәліметтер», 6. «1 қаңтардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға және малдарды ұстауға арналған құрылыстар, басқа да құрылыстар», 7. «1 қаңтардағы сауда нүктелерінің нақты бары», 8. «1 қаңтардағы сатып алынатын кооперативтік бірлестіктердің, сатып алынатын орталықтардың нақты бары», 9. «Қосымша мәліметтер».
      2. Дербес шоттың басты бөлігінде мыналар жазылады:
      1) дербес шот ашылған шаруашылық мүшесінің тегі, аты және әкесінің аты;
      2) дербес шот нөмірі;
      3) жер кадастры кітабы бойынша нөмірі;
      4) арнайы торкөздермен қоршалған үйдің сәйкестендірме коды.
      3. 1-бөлім «Үй шаруашылығы мүшелерінің тізімі» 1 қаңтардағы жағдай бойынша толтырылады және құрамында отбасы мүшелері 5-тен аспайтын шаруашылыққа есептелген. Егер үй шаруашылығы көп адам санынан тұратын болса немесе әр шаруашылық бойынша кітапты пайдалану мерзімінде өскен болса, онда барлық мүшелерді жазу үшін қосымша бет жабыстыру керек.
      4. Бірінші болып әрбір нақты жағдайда отбасының кәмелетке толған мүшелері олардың жалпы келісімі бойынша анықтайтын үй шаруашылығының иесі жазылады және дербес шотта ол адам бірінші жазылады. Одан соң үй шаруашылығының қалған барлық мүшелері, тұрақты және уақытша жоқ мүшелері жазылады.
      5. «Үй шаруашылығы мүшесінің реттік нөмірі» 1 жолда үй шаруашылығы мүшесінің реттік нөмірі көрсетілсін.
      6. «Тегі, аты, әкесінің аты» 2-4 жолдарда үй шаруашылығының барлық мүшелерінің тегі, аты және әкесінің аты толық, бұрмалаусыз және қысқартусыз, үй шаруашылығының әрбір мүшесіне арналған бағандарда, барлық үш жолды пайдаланып жазылады.
      7. «Жеке сәйкестендірме нөмірі» (ЖСН) 5-жолда үй шаруашылығының әр мүшесінің ЖСН-і қойылады. ЖСН – қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке тұлға, соның ішінде жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылған, бірегей нөмір.
      8. «Бірінші жазылған үй шаруашылығы мүшесіне қатынасы» 6-жолда бірінші жазылған шаруашылық мүшесі тегінің астына «бірінші жазылған тұлға» 1 коды қойылады, ал қалған үй шаруашылығы мүшелеріне осы жолда келтірілгендердің біреуіне сәйкес код қойылады.
      9. «Анасы немесе әкесінің нөмірін көрсету» және «Жұбайының (зайыбының) нөмірін көрсету» 7-8 жолдардағы деректер үй шаруашылығында отбасылық ұяшықтарды анықтау үшін қажет. 7 жолда үй шаруашылығының әрбір мүшесіне (жасына және неке жағдайына қарамастан) бір үй шаруашылығында ата-анасының екеуімен немесе екеуінің біреуімен тұрып жатса, «Бірінші жазылған үй шаруашылығы мүшесіне қатынасы» 3-бағанда үй шаруашылығының шегінде ата-анасының бірі жазылған реттік нөмір қойылады. Егер үй шаруашылығы құрамында әкесі не анасы болмаған жағдайда нөмір қойылмайды. 8 жолда 15 және жоғары жастағы үй шаруашылығының әрбір мүшесіне «Бірінші жазылған үй шаруашылығы мүшесіне қатынасы» 3-бағанда үй шаруашылығының шегінде жұбайының (зайыбының) бірі жазылған реттік нөмір қойылады. Егер үй шаруашылығында ерлі-зайыптылар жұбы болмаған жағдайда нөмір қойылмайды.
      10. «Жынысы» 9-жолда осы жолда келтірілгендердің біреуіне сәйкес келетін код қойылады.
      11. «Ұлты» 10 жолда код 1-кестеге сәйкес қойылады. Балалардың ұлтын ата-анасы немесе оларды ауыстыратын тұлағалар анықтайды.

1-кесте

Ұлттар сыныптамасы

1

2

1

2

1

2

1

2

000

Барлығы

043

Қарақалпақтар

084

Hивхтер

156

Ауғандар

001

Орыстар

044

Карелдер

085

Ульта (Ороктар)

157

Белуджилер

002

Украиндар

045

Комилер

086

Орочтар

158

Болгарлар

003

Белорустар

046

Марийлер

087

Саамдар

159

Венгрлер

004

Өзбектер

047

Мордвалар

088

Селькуптер

160

Вьетнамдар

005

Қазақтар

048

Осетиндер

089

Тофалар

161

Голланттар

006

Грузиндер

049

Татарлар

090

Удэгейлер

162

Гректер

007

Әзірбайжандар

050

Тувалар

091

Ульчалар

163

Дүңгендер

008

Литвандар

051

Удмурттар

092

Чувандар

164

Үндістан мен Пәкістан халықтары

009

Молдавандар

052

Шешендер

093

Эвендер

010

Латыштар

053

Чуваштар

094

Эндер

165

Испандар

011

Қырғыздар

054

Саха(Якуттер)

095

Эскимостар

166

Итальяндар

012

Тәжіктер

055

Адыгейлер

096

Юкагирлер

167

Қытайлар

013

Армяндар

056

Алтайлықтар

100

Абазиндер

168

Кәрістер

014

Түркімендер

057

Еврейлер

101

Вепсілер

169

Кубиндер

015

Эстондар

058

Қарашайлар

102

Гагауздар

170

Күрттер

016

Абхаздар

059

Хакастар

103

Тау еврейлері

171

Hемістер

017

Балкарлар

060

Черкестер

104

Грузин еврейлері

172

Парсылар

018

Башқұрттар

061

Коми-пермяктар

105

Орта Азия еврейлері

173

Поляктар

019

Буряттар

062

Ливтер

106

Ижорлар

174

Румындар

021

Аварлар

063

Талыштар

107

Караимдар

175

Сербтер

022

Агулер

071

Долғандар

108

Қырымшақтар

176

Словактар

023

Даргиндер

072

Коряктар

109

Қырым татарлары

177

Түріктер

024

Құмықтар

073

Мансылар

110

Таттар

178

Ұйғырлар

025

Лактар

074

Hенцтер

112

Удиндер

179

Финдер

026

Лезгиндер

075

Хантылар

113

Сығандар

180

Француздар

027

Hоғайлар

076

Чукчалар

114

Шорлар

181

Халха-Моңғолдар

028

Рутулдар

077

Эвенкілер

150

Австриялықтар

182

Хорваттар

029

Табасарандар

078

Алеуттер

151

Албандар

183

Чехтар

030

Цахурлар

079

Ительмендер

152

Америкалықтар

184

Жапондар

040

Ингуштер

080

Кеттер

153

Ағылшындар

185

Датчандықтар

041

Кабардиндер

081

Hанайлар

154

Арабтар

186

Моңғолдар

042

Қалмақтар

082

Hганасандар

155

Ассирийлер

190

Ұлтын көрсетпегендер

083

Hегидалдықтар

199

Басқа ұлттар

      12. «Оқиға датасы кк.аа.жжж.» 11-18 жолдарда тиісті құжат (төлқұжат, жеке куәлік, туу, өлу, неке қию және ажырасу туралы куәлік және акт) негізінде әрбір үй шаруашылығы мүшесіне арналған бағандарда барлық жолдар бойынша күні, айы, жылы толық жазылады.
      13. «Білімі» 19-жолда үй шаруашылығының барлық мүшелеріне осы жолда келтірілгендердің біреуіне сәйкес келетін код қойылады. Кодты қою кезінде 2-кестеде келтірілген деректерді пайдалану қажет.

2-кесте

Код

Білім деңгейі

Білім ұйымдарын бітірді немесе оқиды

1

мектепке дейінгі

Мектепте оқытуға мектепалды дайындықты бітірді

2

бастауыш

Бастауыш жалпы білім беру мектебін бітірді

-"-

1972 жылы және одан кейін үш жылдық бастауыш жалпы білім беретін мектептің 3 сыныбын бітірді

-"-

Кез келген жылы 4-6 сыныптарды бітірді

-"-

1962 жылы және одан кейін 7 сыныпты бітірді

-"-

1990 жылы және одан кейін 8 сыныпты бітірді

-"-

5-9 сыныптарды оқиды

-"-

1972/73-1988/89 оқу жылдарында 4 сыныптан кеткен

-"-

Кез келген жылы 5-7 сыныптан кеткен

-"-

1962/63 оқу жылдары және одан кейін 8 сыныптан кеткен

-"-

1989/90 оқу жылдары және одан кейін 9 сыныптан кеткен

3

негізгі орта

1961 ж. және одан бұрын толық емес орта мектепті (жеті жылдық) немесе 7 сыныпты бітірді

-"-

1963-1989 жж. сегіз жылдық мектепті немесе 8 сыныпты бітірді

-"-

1990-1992 жж. тоғыз жылдық мектепті немесе 9 жылдық сыныпты бітірді

-"-

1993 ж. және одан кейін негізгі жалпы білім беретін мектепті бітірді

-"-

Он бір жылдық немесе он екі жылдық орта мектептің 10 сыныбын бітірді

-"-

Он екі жылдық орта мектептің 11 сыныбын бітірді

-"-

10-11 (12) сыныпта оқиды

-"-

Бастауыш кәсіптік білім мекемесінде оқиды, жалпы орта білімі бар тұлғалардан басқа

-"-

1961/62 оқу жылдары және одан бұрын 8 сыныптан кеткендер

-"-

1988/89 оқу жылдары және одан бұрын 9 сыныптан кеткендер

-"-

10-11(12) сыныптан кеткендер

-"-

Бастауыш кәсіптік білім мекемесінен кеткендер, жалпы орта білімі бар тұлғалардан басқа

4

жалпы орта

Жалпы білім беретін мектептің, лицейдің, гимназия, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің және басқа 10-11 сыныптарын аяқтаған






5



бастауыш кәсіптік

Бастауыш кәсіптік білім беретін мектепті бітірген, (кәсіптік училище, кәсіптік лицей-үзіліссіз білім беру орталығы, техникалық мектеп (тау-механикалық, теңіз жолы, орман-техникалық және т.б.) жұмысшы мамандығын алған тұлғаларға, сонымен қатар, кәсіптік–техникалық училищені (ПТУ немесе техникалық училищені) бітірген. Бұдан басқа кәсіптік–техникалық оқу орнын бітіріп, мамандығымен қатар орта білімі туралы куәлік және орта білім деңгейінде мамандық алған тұлғаларға «Жалпы орта» белгісі қойылады, ал басқа тұлғаларға осы оқу орнына түскенге дейінгі алған білім деңгейі қойылады

-"-

Жалпы орта білім бермейтін оқу орнындарын (мысалы, қолөнерлік, салалық кәсіптік училище (СКУ), фабрика-зауыттық оқыту мектебі (ФЗОМ), фабрика-зауыттық шәкірттік мектебі (ФЗШМ), оқу-курстық комбинаты, оқыту-өндірістік орталығы, қайта дайындау және біліктілігін арттыру курстары, оқу орындарындағы дайындық курстары) аяқтаған, осы оқу орнына түскенге дейінгі алған білімі белгіленеді

6

орта арнаулы

мәдениет және өнер саласындағы техникум, училище, колледж бітірген

7

аяқталмаған жоғары

ЖОО-да оқиды және оқу мерзімінің жартысын немесе жартысынан көбін өткен

-"-

ЖОО-да бір және одан көп жыл оқыған, аяқталмаған жоғары білімі туралы анықтамасы бар


ЖОО-да оқу мерзімінің жартысынан аз уақытын оқығандар, ЖОО-ға түскенге дейін алған білім деңгейі қойылады, яғни «орта арнаулы», «бастауыш кәсіптік» немесе «жалпы орта»

8

жоғары

ЖОО аяқтаған: академия, университет, институт және оған теңестірілген (консерватория, жоғары мектеп, жоғары әскери училище)

9

Бастауыш білімі жоқ

Бастапқы жалпы білім беретін мектептерді бітірмеген

-"-

1, 2 сыныптарды бітірді

-"-

1972 ж. және одан бұрын үш жылдық бастауыш жалпы білім беретін мектептің 3 сыныбын бітірді

-"-

1-4 сыныптарда оқып жүр

-"-

Кез келген жылы 1-3 сыныптардан кеткен

-"-

1971/72 оқу жылдары және одан бұрын, 1989/90 оқу жылдары және одан кейін 4 сыныптан кеткен

-"-

Мектепте оқымаған, бірақ оқи, жаза біледі

10

сауатсыз

Оқып, жаза алмайды

      14. «Білім беру ұйымдарында оқитындар» 20-жолда үй шаруашылығының барлық мүшелеріне осы жолда келтірілгендердің біреуіне сәйкес келетін код қойылады. Кодты қою кезінде 3-кестеде келтірілген деректерді пайдалану қажет. Аулаларды жаппай аралап шығу кезінде деректер әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша толтырылады.

3-кесте

Код

Білім беру ұйымдары

Білім беру ұйымдарында оқитындар

1

мектепке дейінгі

Мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалар: меншік нысанына қарамастан бөбекханаға, бөбекхана-бақшаға, балабақшаға

-"-

Мектепке дейінгі ұйымға уақытша бармай жүрген балалар, мысалы, науқастану себебімен

2

жалпы білім беретін мектеп

Бастауыш, негізгі, орта жалпы білім беретін мектептерде (оның ішінде жекелеген пәндерді тереңдетіп оқыту), лицейлерде, гимназияларда оқитындар

3

техникалық және кәсіптік

Кәсіптік лицейде, мәдениет және өнер саласындағы училищеде, негізгі орта немесе жалпы орта білім беретін колледжде оқитындар

4

ЖОО

ЖОО студенттері: академия, университет, институт және оған теңестірілген (консерватория, жоғары мектеп, жоғары әскери училище)

5

ЖОО-дан кейінгі

ЖОО-да тереңдетілген бағдарлама бойынша оқуды аспирантура, магистратура және докторантурада жалғастырушы

6

біліктілікті көтеру курстары

Жалпы білім бермейтін мектеп пен курстарда оқитындар (курстық оқу комбинаты (бөлім), қайта дайындау және біліктілік арттыру курстары, оқу орындарындағы дайындық курстары, сонымен қатар кәсіптік білім беретін курстар)

      15. «Жұмыспен қамтылу жағдайы» 21-жолда үй шаруашылығының барлық мүшелеріне осы жолда келтірілгендердің біреуіне сәйкес келетін код қойылады. Кодты қою кезінде 4-кестеде келтірілген деректерді пайдалану қажет.

4-кесте

Код

Жұмыспен қамтылу жағдайы

Анықтама

1

жалдамалы қызметкер

Еңбек шарты, келісімшарт негізінде, ауызша келісім бойынша жұмыс істейтіндер

2

жұмыс беруші

Өзінің жеке меншік кәсіпорнын басқаратын немесе өз бетінше кәсіби, коммерциялық әрекетпен айналысатын және бір немесе бірнеше жұмысшы жалдап жұмыс істейтін адамдар

3

жеке негізде жұмыс істеуші

жеке меншік негізде жұмыс істейтіндер

4

Жеке қосалқы шаруашылығымен (жеке ауласымен) айналысушы

Тек жеке өз шаруашылығында ауыл шаруашылығы және (немесе) мал бағу жұмыстарымен айналысатын тұлғалар


Жеке шаруашылығы болмаған жағдайда тұлғаларға бұл код қойылмайды

5

өндірістік кооператив мүшесі

Өндірісті ұйымдастыру, өнім өткізу, инвестициялау және кәсіпорын мен кооператив мүшелері арасында кірген кірісті бөлу мәселелерін шешу барысында ұжымның әрбір мүшесінің тең құқығы бар, жеке меншік кәсіпорында (кооперативте) жұмыс істейтіндер, тауар өндірушілер және қызмет көрсететіндер

6

отбасылық кәсіпорынның ақы төленбейтін жұмыскері

шаруа (фермерлік) қожалығында, өндірістік кооперативте, туыстарының қарамағындағы жеке меншік кәсіпорындарда (жеке, отбасылық) ақысыз жұмыс істейтін адамдар

7

жұмыссыз

Жұмысы немесе табыс көзі жоқ адамдар

      16. «Күнкөрістің қаражат көзі» 22-жолда үй шаруашылығының барлық мүшелеріне осы жолда келтірілгендердің біреуіне сәйкес келетін код қойылады. Кодты қою кезінде 5-кестеде келтірілген деректерді пайдалану қажет.

5-кесте

Код

Күнкөрістің қаражат көзі

Анықтама

1

жалдамалы жұмыстан табыс

Ақыны (сыйды) жалақы, сыйақы, үстеме немесе заттай түрде төлеу қарастырылған, жалдау келісім шарты бойынша жұмыс істейтіндер

2

өз бетінше жұмыс істеуден табыс (жеке қосалқы шаруашылықтан басқа)

Ақша немесе заттай түрде табыс немесе отбасылық кіріс алу үшін өзінің еңбек қызметін өз кәсіпорнының меншік құқығында жүзеге асыратындар

-"-

Жеке меншік кәсіпорыны бар, бірақ қандайда бір себеппен жұмыс істемейтін адамдар

3

жеке қосалқы шаруашылықтағы жұмыс

Сату мақсатында өзінің қосалқы шаруашылығында (бау-бақшаны қоса), ауыл шаруашылығы және (немесе) мал бағу жұмыстарымен айналысатын тұлғалар

-"-

Өз шаруашылығында өзінің тұтынуы үшін өнім өндіретін адамдар тек үй шаруашылығының жалпы тұтынуында маңызды үлесті қамтамасыз ететін қызмет болған жағдайда ғана белгіленеді

4

стипендия

Кәсіпорындар мен ұйымдарда оқуға төленетін стипендияны қоса, стипендия алатын оқушылар мен студенттер

5

зейнетақы

Қарттығы (жасы) бойынша зейнетақы алатын адамдар

6

Жәрдемақы

Ай сайын әлеуметтік жәрдемақы алатын адамдар: мүгедектігі, асыраушысынан айырылған жағдай, жасы бойынша, балаларға. Сонымен қатар код жәрдемақы алған адамға емес, тағайындалған адамға қойылады

7

туысқан немесе жақындардан көмек

Туысқандары немесе басқа адамдардың қаражатына күн көретін, сондай-ақ алимент төленетін адамдар. Сонымен қатар код оны алатындарға емес, материалдық көмек көрсетілетіндерге қойылады

8

жеке меншіктен табыс, дивиденттер, сыйлықақылар

Несие беретін, олардың ақшалай салымдарын пайдаланғаны үшін пайыздық төлем, кредит, қарыз түрінде табыс алатын салымшы, кредитор болып табылатын адамдар

-"-

Акцияға ие (акционер) болып табылатын, акционерлік қоғамнан дивидент төлемі түрінде табыс, акцияны өткізуден курстық айырмашылық алатын адамдар

-"-

Жинақтан, пәтерді, автокөлікті, гаражды жалға беруден төлем түрінде табыс алатын адамдар

9

өзгесі

Жоғарыда аталмаған күнкөріс көздері