"Құжаттар нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 633 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 452 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 15 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6566 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 19 бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Нормативтік құқықтық актілері туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2010 жылдың сәуір - маусымында және қазан -желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Реестріндегі нөмірі 9-18-114, 2010 жылғы 20 мамырдағы "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған) аудан әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 129 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      3-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Ахметжанов