Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 121 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 12 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6549 болып енгізілді.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының «Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiн бекiту туралы» 2004 жылғы 21 тамыздағы № 259 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3124 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесінде:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Инвестициялық қордың активтерiн құрайтын және қор биржасының тiзiмiне кiретiн қаржы құралы, өзі оның тiзiмiне кiретін қор биржасының қаржы құралдарын бағалау әдістемесіне сәйкес нарықтық құны бойынша бағаланады.
      Қазақстан Республикасынан басқа өзге мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдар Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінiң деректерi бойынша жұмыс күнінің соңына алдағы сауда күніндегі мәмілелердің орташа мөлшерленген бағасы бойынша бағаланады.
      Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының 2010 жылғы 1 желтоқсанға дейін сатып алынған өтімді емес борыштық бағалы қағаздары әділ құнына 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі амортизацияны ескере отырып, ағымдағы жиынтық құны бойынша есептеледі.
      Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының 2010 жылғы 1 желтоқсаннан кейін сатып алынған өтімді емес борыштық бағалы қағаздары қор биржасының ресми Интернет-ресурсында жарияланатын әділ құны бойынша есептеледі.
      Өтімді емес борыштық бағалы қағаздар деп анықтау критерийлері қор биржасының қаржы құралдарын бағалау әдістемесінде белгіленген борыштық бағалы қағаздары танылады.»;
      7-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-2. Басқарушы компания ай сайын инвестициялық қордың активтерін құрайтын қаржы құралдарының құнсыздануына тесттер жүргізеді.
      Құнсыздану бойынша тестілеуге инвестициялық қордың активтерін құрайтын қаржы құралдары, оның ішінде дефолт немесе делистинг жарияланған, сондай-ақ эмитент банкрот болған жағдайдағы қаржы құралдары жатады. Дефолт немесе делистинг жарияланған, сондай-ақ эмитент банкрот болған жағдайдағы инвестициялық қорының активтерін құрайтын қаржы құралдары осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес құнсыздануға жатады. Қаржы құралдары құнсызданған жағдайда олардың әділ бағасын анықтау құнсыздану әдістемесіне (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес жүзеге асырылады.»;
      7-5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қаржы құралы үшін ашық сауданың тоқтатылуы нәтижесінде белсенді нарықтың жоғалуы немесе эмитенттің кредиттік рейтингінің төмендеуі, қаржы құралы сапасының, сондай-ақ оның эмитентінің қаржы жағдайының нашарлауын растайтын басқа факторлар болмаған жағдайда құнсызданудың негізі болып табылмайды. Қаржы құралының әділ құнының нақты шығындардан немесе амортизацияланған құнынан төмен төмендеуі құнсызданудың растауы болып табылады. Барлық жоғарыда аталған оқиғалар басқа қолжетімді деректермен жиынтығында қаралады.»;
      7-6-тармақта:
      екінші бөліктің бірінші абзацында «сайтында» деген сөз «Интернет-ресурсында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Ереженің мақсаттары үшін жай акциялардың баланстық құны және артықшылық берілген акциялардың баланстық құны
деп қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі уәкілетті органмен келісілген эмитенттің қаржылық есептілігі негізінде және қор биржасының ережесіне сәйкес анықталатын тиісінше жай акцияларының құны мен артықшылық берілген акциялардың құны танылады.»;
      14-1-тармақта «сайтында» деген сөз «Интернет-ресурсында» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он төрт күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамына, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                       Е. Бахмутова