"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 488 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 11 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6533 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 № 71 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 920 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасында:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:
      1 «Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобына:
      121 «Республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 006 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: «006 Астана қаласында саммитті ұйымдастыру бойынша іс шаралар өткізу»;
      694 «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 020, 021 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      «020 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының іс-шаралар өткізуі;
      021 Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу»;
      2 «Қаржылық қызмет» функционалдық кіші тобына:
      217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      001 «Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және оның атқарылуына бақылауды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «001 Бюджеттік жоспарлауды, мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және оның атқарылуын бақылауды қамтамасыз өту»;
      4 «Іргелі ғылыми зерттеулер» функционалдық кіші тобына:
      225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 043 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: «043 «Түрік академиясы» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру»;
      5 «Жоспарлау және статистикалық қызмет» функционалдық кіші тобына:
      606 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 011 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «011 «е-Статистика» интеграцияланған ақпарат жүйесін құру және дамыту»;
      02 «Қорғаныс» функционалдық тобында:
      1 «Әскери мұқтаждар» функционалдық кіші тобына:
      208 «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 012 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «012 «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту»;
      03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:
      1 «Құқық қорғау қызметі» функционалдық кіші тобына:
      201 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 030 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «030 Маңғыстау облысының бюджетіне Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментіне материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      031 «Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықаралық маңызы бар іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «031 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықаралық маңызы бар іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      252 «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы ішкі істер органы» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 017, 018 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      «017 Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментін материалдық-техникалық жарақтандыру
      018 Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      9 «Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласындағы басқа да қызметтер» функционалдық кіші тобына:
      221 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 012 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «012 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің ақпараттық-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жарғылық капиталын ұлғайту»;
      04 «Білім беру» функционалдық тобында:
      2 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру» функционалдық кіші тобына:
      225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      038 «Өркен» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «038 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту»;
      9 «Білім беру саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобына:
      104 бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі мен мынадай мазмұндағы 007 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «104 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
      007 «Назарбаев Университеті» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту»;
      05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында:
      2 «Халықтың денсаулығын қорғау» функционалдық кіші тобына:
      226 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 036 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «036 Жергілікті деңгейде қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету»;
      9 «Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобына: 226 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 011,012 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      «011 Лизинг шартымен медициналық техниканы жеткізуді жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталын қалыптастыру
      012 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі акционерлік қоғамдарының жарғылық капиталдарын ұлғайту»;
      06 «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» функционалдық тобында:
      2 «Әлеуметтік көмек» функционалдық кіші тобына:
      213 «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      020 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламаны 100 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін төлеуге ағымдығы нысаналы трансферттер», 101 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне табысы аз отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға айсайынғы мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге ағымдағы нысаналы трансферттер» кіші бағдарламалармен алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 029, 030 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      «029 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
      030 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      256 «Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      020 «Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне ең төменгі күнкөрістің мөлшері өскеніне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін және 18 жасқа дейінгі балаларға айсайынғы мемлекеттік жәрдемақыға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламаны 100 «Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерге атаулы әлеуметтік мемлекеттік көмек көрсетуді төлеуге ағымдығы нысаналы трансферттер», 101 «Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерге табысы аз отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге ағымдағы нысаналы трансферттер» кіші бағдарламалармен қоса алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 035, 036 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      «035 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерге атаулы әлеуметтік мемлекеттік көмек көрсетуді төлеуге ағымдығы нысаналы трансферттер
      036 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерге табысы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      9 «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер»:
      213 «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 026 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «026 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының қатысушыларын жылыжай шаруашылығын дамыту саласында жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге кредит беру»;
      271 бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі мен келесі мазмұндағы 052 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «271 Облыстың құрылыс басқармасы
      052 Оңтүстік Қазақстан облысындағы жылыжай шаруашылығын дамыту саласында 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының қатысушыларын жұмыспен қамтамасыз етуге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттеріне кредит беру»;
      467 бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі мен келесі мазмұндағы 021 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «467 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі
      021 Оңтүстік Қазақстан облысындағы жылыжай шаруашылығын дамыту саласында 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының қатысушыларын жұмыспен қамтамасыз етуге кредит беру»;
      07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
      2 «Коммуналдық шаруашылық» функционалдық кіші тобына:
      619 «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 019 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «019 Инженерлік желілердің техникалық жағдайын бағалауды жүргізу»;
      мынадай мазмұндағы 023 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «023 Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне коммуналдық техника сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      015 «Алматы облысының бюджетіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу үшін уәкілетті ұйымның жарғылық капиталын қалыптастыруға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      015 «Алматы облысының бюджетіне тұрғын үйлерді және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу, жобалау үшін уәкілетті ұйымның жарғылық капиталын қалыптастыруға берілетін нысаналы даму трансферттері»;
      271 «Облыстың құрылыс басқармасы» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      043 «Алматы облысының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу үшін уәкілетті ұйымның жарғылық капиталын қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      043 «Алматы облысының тұрғын үйлерді және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу үшін уәкілетті ұйымның жарғылық капиталын қалыптастыру»;
      371 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      010 бюджеттік бағдарлама 011 кіші бағдарламамен толықтырылсын:
      «010 Коммуналдық техника сатып алу
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен»;
      354 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      015 бюджеттік бағдарламаларының әкімшісімен және келесі мазмұндағы 011 кіші бағдарламамен толықтырылсын:
      «015 Алматы қаласының ауданын қардан тазалау үшін коммуналдық техника сатып алу
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен»;
      08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобында:
      1 «Мәдениет саласындағы қызмет» функционалдық кіші тобына: 455 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      009 «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтауды және оларға қол жетімділікті қамтамасыз ету» алынып тасталсын;
      4 «Туризм» функционалдық кіші тобына:
      205 «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 025 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: «025 Туризм инфрақұрылымын дамыту және құру»;
      10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобында:
      1 «Ауыл шаруашылығы» функционалдық кіші тобына:
      212 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 024 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «024 2009 жылғы астықты экспортқа шығарғанда көлік шығындарының құнын арзандату»;
      2 «Су шаруашылығы» функционалдық кіші тобына:
      212 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 025 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «025 Жамбыл облысының бюджетіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы бойында Шу өзенінде жағалауды нығайту жұмыстарына берілетін нысаналы даму трансферттер»;
      мынадай мазмұндағы 045 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «045 Су шаруашылығы жүйелеріне және гидротехникалық құрылыстарына зерттеулер жүргізу»;
      281 «Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 059 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «059 Республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттер есебінен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы бойында Шу өзенінде жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу»;
      3 «Орман шаруашылығы» функционалдық кіші тобына:
      212 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 020 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «020 Ақмола облысының бюджетіне «Шортанды - Щучинск» учаскесінде «Астана - Щучинск» автомобиль жолының бойында орман екпе ағаштарын отырғызуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      254 «Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 009 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «009 Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен «Шортанды - Щучинск» учаскесінде «Астана - Щучинск» автомобиль жолының бойында орман екпе ағаштарын отырғызу»;
      4 «Балық шаруашылығы» функционалдық кіші тобына:
      212 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 012 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «012 Атырау облысының бюджетіне балық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің арнайы жабдықтарын және теңіз техникасын жаңартуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      255 бюджеттік бағдарламаларының әкімшісімен және келесі мазмұндағы 015 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «255 Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы
      015 Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен Атырау облысының балық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік монополия субъектісін арнайы жабдықтармен және теңіз техникасымен жаңарту»;
      5 «Қоршаған ортаны қорғау» функционалдық кіші тобына:
      234 «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 017 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «017 Авиациялық метеорологиялық станцияларды жаңғырту және техникалық қайта жабдықтау үшін «Қазаэросервис» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту»;
      11 «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» функционалдық тобында:
      1 «Өнеркәсіп» функционалдық кіші тобына:
      233 «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      052 бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі келесі мазмұндағы 018 кіші бағдарламамен толықтырылсын:
      «052 Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды зерттеуді іске асыруды қамтамасыз ету
      018 Грант есебінен»;
      12 «Көлік және коммуникация» функционалдық тобында:
      9 «Көлік және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобына:
      215 «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «032 «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жарғылық капиталын қалыптастыру және ұлғайту»;
      13 «Басқалар» функционалдық тобында:
      9 «Басқалар» функционалдық кіші тобына:
      356 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаржы басқармасы» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 020, 021 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      «356 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаржы басқармасы
      020 Алматы қаласында «Алматыпәтерқызметі» КМК-нын қатты тұрмыстық қалдықтарды жеке-жеке жинақтау жүйесін енгізу үшін несиелеу
      021 Алматы қаласында «БТК «Медеу» биік таулы спорт кешенінде энергия үнемдеу технологиясы жүйесін енгізу үшін несиелеу»;
      619 «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 024 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «024 Астана қаласының бюджетіне үлескерлер қатысқан аяқталмаған тұрғын үй объектілерін салуға қатысу үшін уәкілетті ұйымның жарғылық капиталын ұлғайтуға берілетін нысаналы даму трансферттері»;
      694 «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 013 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      «013 «Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешені» ӨАҚ жарғылық капиталын ұлғайту»;
      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
      шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
      450-сыныпшада:
      451 «Жер сатып алу» ерекшелігінде анықтама келесі абзацпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін сатып алу бойынша өтемақыға және осыған байланысты құрылыс жобасының құнына кіргізілген қозғалмайтын мүлікті алуға шығындар осы ерекшелік бойынша көрсетіледі».
      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекетті тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                            Б.Жәмішев