Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 6-3 "Тасқала ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу Қағидасы туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 27 шілдедегі N 16-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 17 тамызда N 7-11-97 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 23-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2011.03.30 N 32-2 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2009 жылғы 18 ақпандағы N 12-4 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-90 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 20 наурыздағы аудандық "Екпін" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармағының 2 тармақшасындағы "Кеңес Одағының батырына" деген сөздер " Кеңес Одағы Батырының әйеліне" деген сөздермен өзгертілсін;
      "50 000" деген сандар "25 000" деген сандармен өзгертілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы
      Аудандық мәслихат хатшысы