2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2009 жылғы 18 ақпандағы № 13/6 шешімі. Шығыс Қазақстан облыстық Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2009 жылғы 03 наурызда № 5-1-104 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Өскемен қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2010.04.15 N 23-3 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық мәслихаттың "Тасқала ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу Қағидасы туралы" 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 6-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-66 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 маусымдағы аудандық "Екпін" газетінің 29-30 нөмірлерінде жарияланған) шешіміне мынандай толықтырулар енгізілсін:
      3 тармағының 2 тармақшасы "отбасының" деген сөзден кейін "өткен тоқсандағы" деген сөздермен;
      9 тармағының 2 абзацы "әлеуметтік көмектен" деген сөздерден кейін "азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне байланысты аз қамтамасыз етілген азаматтарға көрсетілетін ақшалай немесе заттай түрдегі көмектің, бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақының, жерлеуге берілетін материалдық көмектің құнынан" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешім аудандық "Екпін" газетінің бір нөмірінде (директор-редакторы С. Ашығалиев) жариялансын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы
      Аудандық мәслихат хатшысы