"Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" атағын беру қағидасы туралы

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 15/8 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 28 мамырда N 1712 тіркелді

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша «Ережесі, Ереже, Ереженің» деген сөздер «Қағидасы, Қағида, Қағиданың» деген сөздермен ауыстырылды – Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2013.03.19 N 13/28 Шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 12-2) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШТІ :
      1. Қоса берілген «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың                       Облыстық мәслихаттың
      XҮ сессиясының төрағасы                     хатшысы
      А. Рафальский                               Қ.Едіресов

Облыстық мәслихаттың
2009 жылғы 22 сәуірдегі
№ 15/8 шешімімен бекітілген

«Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру Қағидасы

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2009.12.20 N 20/14 Шешімімен

1. Жалпы Қағида

      1. Осы «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру тәртібін регламенттейді.
      2. «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағы (бұдан әрі - Атақ) облыс (қала, аудан) алдындағы ерен еңбегі:
      облыстың (қаланың, ауданның) экономика, ғылым және мәдениет, өнер, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік саласының дамуына қосқан зор үлесі;
      мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі, демократияның, жариялылық және әлеуметтік прогрестің, рухани және зияткерлік әлеуеттің дамуындағы, бизнестегі, шығармашылықтағы, спорттағы, мемлекеттік және әскери қызметтегі жетістіктері;
      заңдылық, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткені;
      азаматтардың құқығын және заңды мүдделерін қорғау бойынша белсенді қызметі, қайырымдылық пен мейірімділік қызметі;
      облыста тұратын халықтар арасындағы ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты, бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы жемісті еңбегі;
      елде және шетелде облыс (қала, аудан) имиджін көтеруге қосқан зор үлесі үшін беріледі.
      3. Атақ Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетел азаматтарына беріледі.
      Атақ облыс аумағында тұрмайтын адамдарға да берілуі мүмкін.
      3-1. Облыстың Құрметті азаматы» атағы «Социалистік Еңбек Ері», «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына лайықты облыс азаматтарына беріледі.
      Ескерту. Қағида 3-1-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.06.28 N 35/5 Шешімімен

2. Атақтың берілу тәртібі

      4. Атақ беру туралы қолдаухатты облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттар мен әкімдіктер, еңбек және шығармашылық ұжымдары, қоғамдық және діни бірлестіктер, жеке және заңды тұлғалар, өзге де бастамашыл топтардың беруіне болады.
      Қолдаухатқа тиісті басшы қол қояды.
      Қолдаухатта кандидатураның негізгі биографиялық мәліметтері, жетістіктерінің қысқаша сипаттамасы және облыс (қала, аудан) алдындағы еңбегі растаушы құжаттармен қоса беріледі.
      5. облыс (қала, аудан) әкімі аппараты басшысының бұйрығымен материалдардың осы Қағида талаптарына сәйкестігін қарау бойынша жұмыс тобы құрылады;
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.06.28 N 35/5 Шешімімен
      6. Жұмыс тобының шешімі көпшілік дауыспен қабылданады;
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.06.28 N 35/5 Шешімімен
      7. дауыстар тең түскен жағдайда жұмысшы тобы төрағасының пікірі шешуші болып есептеледі;
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.06.28 N 35/5 Шешімімен
      8. Жұмысшы тобының шешімі ұсыныс түрінде болады және оның барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен рәсімделеді;
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.06.28 N 35/5 Шешімімен
      9. Жұмысшы тобы келесі шешімдердің бірін қабылдай алады:
      өтініш қанағаттандырылсын және облыс (қала, аудан) әкіміне ұсынылсын атақ беру туралы сәйкес мәслихатқа ұсыныс енгізілсін;
      өтініш қабылданбасын;
      өтініш құжаттарды толық рәсімдеу үшін қайтарылсын.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.06.28 N 35/5 Шешімімен
      10. Атақ облыс (қала, аудан) әкімдерінің тиісті мәслихатқа ұсынуымен беріледі.
      11. Атақ беру туралы облыстық (аудандық) мәслихаттың шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

3. Куәліктер мен төсбелгілер беру тәртібі

      12. Атақ берілетін тұлғаға облыс (қала, аудан) әкімі салтанатты түрде Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы төсбелгісі мен куәлігін тапсырады.
      13. Құрметті азаматтардың аттары облысының Құрмет Кітабына хронологиялық тәртіпте енгізіледі.
      Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматының аты жұртшылық ұсынысымен қала, кент, село көшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте берілуі мүмкін.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.06.28 N 35/5 Шешімімен
      14. Төсбелгі мен куәлікті дайындау, облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет Кітабын ресімдеу және оны тиісті жағдайда ұстау облыс әкімінің аппаратына (қала, аудан) жүктеледі.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.06.28 N 35/5 Шешімімен
      15. Төсбелгілер мен куәліктерді дайындауға, Құрмет Кітабын ұстауға, жеңілдіктер мен біржолғы ақшалай сыйақылар төлеуге шығынды қаржыландыру облыстық (қалалық, аудандық) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.06.28 N 35/5 Шешімімен

4. Атақтан айырылу және қалпына келтіру негізі

      Ескерту. Бөлімнің атауына өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.06.28 N 35/5 Шешімімен

      16. Атақ берілген тұлға одан сәйкес мәслихаттар шешімімен мына  жағдайларда айырылады:
      үкім заңды күшіне енгеннен кейін қылмыс жасағаны үшін;
      Атақ беру туралы қолдаухат ұсынған органның ұсынысы бойынша үлкен қоғамдық резонанс тудырған теріс қылықтар жасағаны үшін.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.06.28 N 35/5 Шешімімен
      17. Осы Қағиданың 16-тармағында көзделген негізде Атақтан айырылған тұлға Атақ беруге қайта ұсынылмайды.
      18. Заңсыз сотталған және сот шешімімен толық ақталған тұлғалардың Атағына құқықтары қалпына келтіріледі.
      Ескерту. Шешім 18-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.06.28 N 35/5 Шешімімен