Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 16 мамардағы № 78 "Қостанай ауданында ит пен мысықтарды ұстау ережелері туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 138 шешімі. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 ақпанда № 9-14-102 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 325 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2010.07.14 № 325 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3-бабына сәйкес және Қостанай ауданы әкімдігінің "Ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2009 жылғы 8 қаңтардағы № 11 хаты негізінде Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 16 мамырдағы № 78 "Қостанай ауданында ит пен мысықтарды ұстау ережелері туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2001 жылғы 22 маусымда 871 нөмірімен тіркелген) шешімінің 2-тарауы 5-1 тармағымен келесі мазмұнда толықтырылсын:
      "5-1. Ит пен мысық иелеріне қажет:
      1) мал дәрігерлік паспорттарын берумен халыққа тиесілі барлық қызметтік, күзеттік, аң аулайтын иттерді, жеке үй басылық ит пен мысықтарды тіркеу және теңестіруден өткізу;
      2) тұқымына байланыссыз ит тіркеуін екі айлық жастан өткізу және құтыру, лептоспироз, оба, микроспориядан қарсы эпизоотикалық көрсеткіштер бойынша вакцинация салуы, сондай-ақ гельминттерге зерттеу немесе дегельминтизацияны жүзеге асыру;
      3) мысықтарды тіркеуді екі айлық жастан өткізу және гельминтозға зерттеумен құтыру, микроспориядан қарсы эпизоотикалық көрсеткіштер бойынша вакцинацияны жүзеге асыру".
      Ескерту. 1) тармақша 5-1 тармақта өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2009.04.21 № 181 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      2. Осы шешім баспасөзде алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық
      мәслихатының кезектен тыс
      сессиясының төрағасы                       С. Есментаев

      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Н. Тулепов