"Қостанай облысы бойынша 2009 жылы жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі объектілердің тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 21 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 тамыздағы № 306 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 16 қыркүйекте № 3692 тіркелді. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 08-08/3045 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы  N 1355 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 50, 567-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-1-жолмен толықтырылсын:

"     

6-1

"Экспортты дамыту және алға бастыру корпорациясы "КАZNEХ" акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов