Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі N 190 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 қыркүйектегі N 390 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жаңақорған ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 қазанда N 10-7-79 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы N 1/1-1/2588 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2010.02.02 N 41 Қаулысымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 223 қаулысына (2008 жылғы 14 қазанда Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-6-102 болып тіркелген, 2008 жылғы 31 қазандағы № 45(124) «Есіл таңы», 2008 жылғы 31 қазандағы № 46(8399) «Ишим» газеттерінде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 2-тармағында «зейнет жастағы мүгедектерге» жолы «барлық санаттағы мүгедектерге» жолымен өзгертілсін.
      2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                 В. Бубенко