2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы N 02/01 қаулысы. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 04 ақпанда N 8-11-70 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы N 01/04 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 14.11.2013 N 165/20 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 14) тармақшасы, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 422-бабы, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Келесі кәсіпкерлік қызмет түрлері бойынша салық салу объектісінің бірлігіне бір айға тіркелген сомалық салық ставкаларының мөлшері бекітілсін:
      1) ойын үшін пайдаланылатын дербес компьютер – 1 айлық есептік көрсеткіш;
      2) бильярд үстелі – 3 айлық есептік көрсеткіш;
      3) ойын алаңы – 7 айлық есептік көрсеткіш;
      4) бір ойыншымен ойын жүргізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы - 2 айлық есептік көрсеткіш;
      5) бірнеше ойыншының қатысуымен ойын жүргізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы – 2 айлық есептік көрсеткіш.
      Ескерту. 1 тармаққа толықтыру енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2009.03.17 N 155/15 шешімімен.
      2. Осы шешім Екібастұз қаласы Әділет басқармасына тіркеуге жіберілсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Е. Рахманғұлов

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Ғ. Балтабекова