«Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы» қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/276 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2009 жылғы 27 мамырдағы N 21/160 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 маусымда N 8-4-145 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010 жылғы 24 ақпандағы N 28/217 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.12.2015 № 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 10.08.2015 № 636 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
      2) "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 49, 600-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде:
      24-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Yкiметiнiң 10.08.2015 № 636 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов