2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында Шу ауданы бойынша азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 170 қаулысы. Жамбыл облысы Шу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 маусымда № 73 тіркелді. Күші жойылды-Жамбыл облысы Шу аудандық әкімдігінің 2 қыркүйекте 2015 жылғы № 315 қаулысмен

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына,"Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шар өзенінің және "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Центральный" магистральдық каналының бас жағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары" жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2016 № 392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Белгіленсін:
      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шар өзенінің және "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Центральный" магистральдық каналының бас жағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шар өзенінің және "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Центральный" магистральдық каналының бас жағының су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В.Е.Чернецкий) "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шар өзенінің және "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Центральный" магистральдық каналының бас жағының су қорғау аймағы мен белдеуінің шекаралары" жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Жарма ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін, арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.В. Пинчукке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. САПАРБАЕВ
      Келісілді:
      Су ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс
      бассейндік инспекциясының бастығы К. Көбегенов
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
      министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
      Шығыс Қазақстан облысы бойынша
      департаментінің директоры Т. Ерубаев

      

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2009 жылғы
25 мамырдағы № 78
қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шар өзенінің және "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Центральный" магистральдық каналының бас жағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі


р/с
Су объектісі,
оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Шекара-
сының
ұзындығы,
(шақырым)
Алаңы,
(га)
Орташа
ені
(метр)
Шекарасы
ның
ұзындығы,
(шақырым)
Алаңы
(га)
Орташа
ені
(метр)
1.
Тұстармен
шектелген
аумақтар:
бас су тоғаны
бөгетінен 180 метрге жоғары
Шар өзенінің
оң жағалауы
мен бас су
тоғаны
бөгетінен 240 метрге төмен "Центральный" магистральдық
каналының оң
жағалауы
0,30
4,48
500
0,30
3,76
100

      
      Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шар өзенінің және "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Центральный" магистральдық каналының бас жағының су қорғау аймағы мен белдеуінің шекаралары" бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.
      Шығыс Қазақстан облысы табиғи
      ресурстар және табиғат пайдалануды
      реттеу басқармасының бастығы В. Чернецкий