Тамды ауылдық округіне қарасты Тамды ауылының көше атауларын қайта атау және елді мекендеріне көше атауларын беру туралы

Ақтөбе облысы Алға ауданы Тамды ауылдық округінің әкімінің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 26 шешімі. Ақтөбе облысының Алға аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 07 қазанда № 3-3-88 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Алға ауданы Тамды ауылдық округінің әкімінің 09.02.2016 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8-желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, сондай-ақ Тамды ауылдық округі елді мекендері: Тамды, Талдысай, Еркінкүш тұрғындары өкілдерінің жиын конференциясына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Алға ауданы Тамды ауылдық округінің әкімінің 09.02.2016 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Тамды ауылының төмендегі көше атаулары:
      № 1 "Центральная" көшесі – "Ә.Молдагулова" көшесі деп;
      № 2 "Дзержинская" көшесі – "Ж.Кереев" көшесі деп;
      № 3 "Советская" көшесі – "Есет батыр Көкіұлы" көшесі деп;
      № 4 "Садовая" көшесі – "Д.Қонаев" көшесі деп;
      № 5 "Гагарин" көшесі – "Б.Момышұлы" көшесі деп;
      № 6 "Абай" көшесі – "А.Құнанбаев" көшесі деп;
      № 7 "Илекская" көшесі – "Елек" көшесі деп;
      № 8 "Дружба" көшесі – "Достық" көшесі деп;
      № 9 "Водопроводная" көшесі – "Т.Ахтанов" көшесі деп;
      № 10 "Фрунзе" көшесі– "М.Маметова" көшесі деп;
      № 11 "Набережная" көшесі – "Тәуелсіздік" көшесі деп;
      № 12 "переулок Комсомольская" – "Жастар" тұйық көшесі деп;
      № 13 "переулок Джамбула" – "Ж.Жабаев" тұйық көшесі деп;
      № 14 "переулок Кооперативная" – "А.Жұбанов" тұйық көшесі деп;
      № 15 "переулок М.Горького" – "Наурыз" тұйық көшесі деп;
      № 16 "переулок Центральная" - "Желтоқсан" тұйық көшесі деп;
      № 17 "Новая" көшесі – "Жаңа құрылыс" көшесі деп;
      № 18 Темір жол бойындағы "Центральная" көшесі – "Қобыланды батыр" көшесі деп.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Алға ауданы Тамды селолық округінің әкімінің 2010.06.14 № 13 (қолданысқа енгізілу тәтібін 2 тармақтан қараңыз) шешімімен
      2. Талдысай ауылының көшелеріне:
      № 1. Желекті
      № 2. Бұлақты
      № 3. Досым
      3. Еркінкүш ауылының көшелеріне:
      № 1. Нұрлы
      № 2. Көктем
      4. "Алғабас – Батпақты" шаруа қожалығының көшесіне:
      № 1. "Ата – мұра" көшесі атаулары берілсін.
      5. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Тамды ауылдық округінің әкімі Т.Султанов