Аудандық мәслихаттың 2008 жылдың 24 желтоқсанындағы № С-11/3 "2009 жылға арналған аудан бюджеті туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 7 қазандағы № С-19/2 шешімі. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 қазанда № 1-18-91 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2010 жылғы 1 ақпандағы № С-23/4 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 245-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. "Мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері туралы есептілік нысандарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2007 жылғы 23 ақпандағы N 10 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 ақпандағы N 61 бірлескен бұйрығының (2007 жылғы 4 сәуірде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4601 нөмірмен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы бірлескен бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Республикалық бюджеттің               Қазақстан Республикасының
атқарылуын бақылау жөніндегі          Қаржы министрі
есеп комитетінің Төрағасы             _______________Б.Жәмішев
______________О. Өксікбаев