Мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері туралы есептілік нысандарын бекіту туралы 

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 2007 жылғы 23 ақпандағы N 10 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 ақпандағы N 61 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 4 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4601 болып енгізілді. Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті Төрағасының 6 қазандағы N 96 н/қ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 7 қазандағы N 435 бірлескен бұйрығымен.

       1-бап.  "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы , 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 11, 39-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 69-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      22-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Қазақстан Республикасының судьялары үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы кірісінің он проценті мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары қосымша белгіленеді.
      Судья келеңсіз себептер бойынша қызметінен босатылған кезде көрсетілген жарналар республикалық бюджетке алынады.".

       2-бап.  Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті