"Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қазандағы № А-11/351 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № А-3/99 қаулысы. Ақмола облысы Әділет департаментінде 2009 жылғы 27 наурызда № 3314 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № А-12/572 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 14.12.2015 № А-12/572 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қазандағы № А-11/351 қаулысына (нормативтік құқықтық актiлерiнiң мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 3237 болып тіркелген, "Акмолинская правда" газетінде 2007 жылғы 13 қарашада, "Арқа ажары" газетінде 2007 жылғы 13 қарашада жарияланған), "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қазандағы № А-11/351 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № а-4/198 қаулысымен (нормативтік құқықтық актiлерiнiң мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 3251 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 маусымда № 65 "Арқа ажары", 2008 жылғы 12 маусымда № 71 "Акмолинская правда" газеттерінде жарияланған), "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қазандағы № А-11/351 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 20 тамыздағы № а-6/355 қаулысымен (нормативтік құқықтық актiлерiнiң мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 3270 болып  тіркелген, "Акмолинская правда" газетінде 2008 жылғы 20 қыркүйектегі № 122 және "Арқа ажары" газетінде 2008 жылғы 20 қыркүйектегі № 107 сандарында жарияланған) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулысымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесінде:
      "Ақкөл ауданы" бөлігінде:
      реттік номері 32-жолы алынып тасталсын;
      "Барлығы: 32" сөзі мен саны "Барлығы: 31" сөзі мен санына ауыстырылсын;
      "5904" саны "5889" санымен ауыстырылсын;
      "Аршалы ауданы" бөлігінде:
      реттік номерлері 26, 27-жолдары келесі редакцияда мазмұндалсын:

26

Жақыпкөл көлі

134

27

Таңдыкөл әуіті

22

      реттік номері 31-жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:

31

Қарасу ескі су арнасы

150

      "11524" саны "11769" санымен ауыстырылсын;
      "Астрахан ауданы" бөлігінде:
      реттік номері 18-жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:

18

Ақбейіт әуіті, № 2 телім

400

      реттік номері 19-жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:

19

№ 10 әуіті

4

      "Барлығы: 18" сөзі мен саны "Барлығы: 19" сөзі мен санына ауыстырылсын;
      "4053" саны "4443" санына ауыстырылсын;
      "Атбасар ауданы" бөлігінде:
      реттік номері 2-жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:

2

Қарақоға көлі

150

      реттік номері 18-жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:

18

Мариновск № 2 бөлімше әуіті

50

      "3895" саны "3990" санымен ауыстырылсын;
      "Бұланды ауданы" бөлігінде:
      реттік номері 9-жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:

9

Бақсұқ өзінінің телімі

8

      "4792" саны "4780" санымен ауыстырылсын;
      "Егіндікөл ауданы" бөлігі келесі мазмұндағы реттік номері 11-жолмен толықтырылсын:

11

Жолан әуіті

4

      "Барлығы: 10" сөзі мен саны "Барлығы: 11" сөзі мен санына ауыстырылсын;
      "3541" саны "3545" санымен ауыстырылсын;
      "Есіл ауданы" бөлігі:
      реттік номерлері 1, 2, 5, 9-11, 13, 14-жолдары алынып тасталсын;
      "Барлығы: 14" сөзі мен саны "Барлығы: 6" сөзі мен санына ауыстырылсын;
      "775 га, 190 км" сандары мен сөздері "355 га, 90 км" сандары мен сөздеріне ауыстырылсын;
      Ерейментау ауданы" бөлігінде:
      реттік номерлері 24, 25, 28, 30, 31, 37-жолдары алынып тасталсын;
      "Барлығы: 40" сөзі мен саны "Барлығы: 34" сөзі мен санына ауыстырылсын;
      "8147" сандары "7865" санына ауыстырылсын;
      "Еңбекшілдер ауданы" бөлігінде:
      реттік номері 9-жолы алынып тасталсын;
      "Барлығы: 22" сөзі мен саны "Барлығы: 21" сөзі мен санына ауыстырылсын;
      "10660" саны "10640" санымен ауыстырылсын;
      "Жарқайың ауданы" бөлігінде:
      реттік номерлері 3, 4, 6, 12, 18-жолдары алынып тасталсын;
      "Барлығы: 19" сөзі мен саны "Барлығы: 14" сөзі мен санына ауыстырылсын;
      "4346 га, 43 км" сандары мен сөздері "3176 га" саны мен сөзіне ауыстырылсын;
      "Жақсы ауданы" бөлігінде:
      реттік номерлері 2, 8-жолдары алынып тасталсын;
      "Барлығы: 8" сөзі мен саны "Барлығы: 6" сөзі мен санына ауыстырылсын;
      "690" саны "580" санымен ауыстырылсын;
      "Зеренді ауданы" бөлігінде:
      реттік сандары 16, 17-жолдары алынып тасталсын;
      "Барлығы: 42" сөзі мен саны "Барлығы: 40" сөзі мен санына ауыстырылсын;
      "9488" саны "9228" санымен ауыстырылсын;
      "Сандықтау ауданы" бөлігінде:
      реттік сандары 8, 10-жолдары алынып тасталсын;
      "Барлығы: 18" сөзі мен саны "Барлығы: 16" сөзі мен санына ауыстырылсын;
      "185" саны "80" санымен ауыстырылсын;
      "Целиноград ауданы" бөлігіндегі реттік номерлері 16, 24, 26, 27, 34, 37-жолдары алынып тасталсын;
      "Барлығы: 42" сөзі мен саны "Барлығы: 36" сөзі мен санына ауыстырылсын;
      "6833" саны "6743" санына ауыстырылсын;
      "Шортанды ауданы" бөлігіндегі реттік номері 31-жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:

31

Боскөл көлі

70

      реттік номерлері 32 - 34-жолдар алынып тасталсын;
      "Барлығы: 35" сөзі мен саны "Барлығы: 32" сөзі мен санына ауыстырылсын;
      "5380 га, 2 км" сандары мен сөздер "5413 га" саны мен сөзіне ауыстырылсын;
      "Щучье ауданы" бөлігіндегі реттік номерлері 35, 36, 45, 46, 48 - 53-жолдары алынып тасталсын;
      "Барлығы: 55" сөзі мен саны "Барлығы: 45" сөзі мен санына ауыстырылсын;
      "6031" саны "5888" санымен ауыстырылсын;
      "Степногорск" бөлігі алынып тасталсын;
      "Барлығы: 463" сөзі мен саны "Барлығы: 419" сөзі мен санына ауыстырылсын;
      "116426 га, 775 км" сандары мен сөздері "114621 га, 525 км" сандары мен сөздеріне ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды облыс әкімінің орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктеймін.
      3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
      әкімі                                      А.Рау

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      балық шаруашылығы комитетінің
      Ақмола облыстық аумақтық балық
      шаруашылығының инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Қ.Қалабаев