Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 9 ақпандағы N 341/43-ІІІ "Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 6 қарашадағы N 273/39-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 15 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 600 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 447/62-V шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 бабына, Қазақстан Республикасыны 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармағына сәйкес және Красная поляна, Спартак, Исантерек, Жана-ауыл тұрғындардың пiкiрiн ескере отырып ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Красная поляна ауылына атауы жоқ көшесiне "Береговая" деген атауы берiлсiн.
      2. Спартак ауылына атауы жоқ көшесiне "Озерная" деген атауы берiлсiн.
      3. Исантерек ауылына атауы жоқ көшесiне "Желтоқсан" деген атауы берiлсiн.
      4. Жана-ауыл ауылына N 1 атауы жоқ көшесiне "Бейбітшілік" деген атауы берiлсiн;
      Жана-ауыл ауылына N 2 атауы жоқ көшесiне "Достық" деген атауы берiлсiн.
      5. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк  күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      6. Осы шешімнің орындалуын өзім бақылаймын.

      Қараоба ауылдық округінің әкімі            Б.С. Куанов