Құрылыс-монтаждау жұмысын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді, күзет қызметі субъектілерін, сондай-ақ азамат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 504 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 41 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 18 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6060 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 132 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 100 бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 қыркүйектегі № 1433 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтағы «34345085 (отыз төрт миллион үш жүз қырық бес мың сексен бес)» деген сандар мен сөздер «24341100 (жиырма төрт миллион үш жүз қырық бір мың бір жүз)» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов