Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 383-ө және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 30 Бірлескен Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 12 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6051 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 54-ө және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 35 бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 589 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      «мынадай жобаларды» және «7000000000 (жеті миллиард)» деген сөздер «мына жобаны» және «5000000000 (бес миллиард)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзац алынып тасталсын;
      2-тармақта «аталған инвестициялық жобаларды» және «оң қорытындыларын» деген сөздер «аталған инвестициялық жобаны» және «оң қорытындысын» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов