Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жекелеген қаржы ұйымдарының қаржылық есептілік тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2009 жылғы 25 мамырдағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу турал

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы N 121 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 10 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6045 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 ақпандағы № 11 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1221 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бюджеттік бағдарламалары» деген 6-бөлімде:
      «Экономиканың инфрақұрылымдық салаларының тиімді жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету жөніндегі табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу саласындағы қызметтер» деген бюджеттік бағдарламада:
      «Орталық органның аппараты» деген кіші бөлімде:
      «2009» деген бағанда:
      «Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар» деген жолдағы «790,0» деген сандар «765,3» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі бюджетінің жиыны» деген жолдағы «1 279,4» деген сандар «1 254,7» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов