Мемлекеттік еңбек инспекторларының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 384-ө және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 31 Бірлескен Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 ақпанда N 6035 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 55-ө және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 36 Бірлескен бұйрығымен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне баруларды және тексерулерді есепке алу кітабының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2006 жылғы 12 шілдедегі № 190 бұйрығы жойылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                    Ә. Исекешев