Азаматтық қорғаныс мүддесінде қорғану құралдарындағы қажеттілікті айқындау туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы N 313 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 27 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6022 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 260 бұйрығымен

      Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2010 жылғы қаңтардағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Демалыс күні 2010 жылғы 10 қаңтар жексенбіден 2010 жылғы 8 қаңтар жұмаға ауыстырылсын.
      2. Қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2010 жылғы 8 қаңтарда жұмыс жүргізуге құқық берілсін.
      Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов