«Құжаттар нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 633 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 588 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 14 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6002 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 19 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.08.04 N 795  Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                      К Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 2343 қаулысымен    
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс
агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Стратегиялық жоспардың құрылымы

      1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) миссиясы мен пайымдауы.
      2. Қызметтің стратегиялық бағыттары.
      3. Ағымдағы жағдайды талдау.
      4. Функционалдық мүмкіндіктер.
      5 Стратегиялық жоспарды әзірлеуге негіз болған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі.
      6. Бюджеттік бағдарламалардың тізбесі.

1. Миссиясы мен пайымдауы

      Миссиясы - инфрақұрылымды дамыту үшін анағұрлым оңтайлы және қолайлы жағдай, сондай-ақ байланыс қызметін көрсету мен электрондық қызметті көрсетудің бәсекелі нарығын жасау.
      Қызмет саласының пайымдауы - ғаламдық ақпараттық қоғамдастыққа интеграцияланған және мемлекеттік басқару сапасы мен Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін дамыған әрі қолжетімді ақпараттық, телекоммуникациялық және почта-жинақтау инфрақұрылымы.

2. Қызметтің стратегиялық бағыттары

      1. Халыққа және ұйымдарға мемлекеттік электронды қызметтер көрсету.
      2. Халықты және ұйымдарды қол жетімді және сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету.
      3. Азаматтар мен ұйымдарды ақпараттық-коммуникациялық технологияларды күнделікті тұрмыста кеңінен пайдалануға көшіру.

3. Ағымдағы жағдайды талдау

3.1. «Халыққа және ұйымдарға мемлекеттік электронды
қызметтер көрсету» стратегиялық бағыты бойынша

      Проблемалар:
      1) электронды түрде көрсетілетін, әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызмет көрсетулерді реттейтін нормативтік-құқықтық базаның жетілдірілмеуі;
      2) электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді ұсынуға мемлекеттік органдардың темен қызығушылығы;
      3) «электрондық үкімет» компонеттерімен ведомстволық ақпараттық жүйелердің интеграциясына мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың төмен қызығушылығы;
      4) ақпараттық-коммуникациялық желілердің, ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік органдар ресурстарының қорғалу деңгейінің төмен болуы;
      5) ұсынылатын мемлекеттік электронды түрде қызмет көрсетулердің даму деңгейінің төмендігі мен саны.
      Жүргізілетін іс-шаралар:
      1) қазіргі уақытта орталық және жергілікті атқарушы органдар интернет ресурстар арқылы халыққа және бизнеске интерактивті қызметтер көрсетуде (басшылар блогы, электрондық мемлекеттік сатып алулар, интерактивті сұрау және т.б.) және транзакциялық қызметтер көрсетуге көшіру жүзеге асырылуда;
      2) «электрондық үкімет» инфрақұрылымының компоненттері құрылуда, олардың 19 өнеркәсіптік пайдаланымға тапсырылған;
      3) «электрондық үкімет» веб-порталында халыққа және бизнес үшін 1500 аса ақпараттық және 41 электрондық қызметтер ұсынылады;
      4) жергілікті атқарушы органдарды бірыңғай көліктік ортаға, Құжат айналымының бірыңғай жүйесіне және Мемлекеттік органдардың куәландыратын орталығына қосу арқылы е-әкімдіктер инфрақұрылымдарының е-үкіметімен интеграциясы жүргізілген, бұл орталық және жергілікті атқарушы органдардың ведомствоаралық өзара әрекеттесуді автоматтандыруға мүмкіндік береді;
      5) жергілікті атқарушы органдарының басшыларына «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы азаматтармен электрондық өтініштерді ұсыну үшін жағдайлар жасалған және пилоттық жобасы шеңберінде Павлодар облысының базасында 5 әлеуметтік маңызды электрондық қызметтер енгізілген;
      6) тәжірибелі пайдалануда 9 мемлекеттік орган лицензиар қосылған лицензиялау үдерістерін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе - «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры құрылған;
      7) «электрондық үкімет» аясында көрсетілетін, қызметтерге on-linе қолма қол емес төлем жүйесін автоматтандыру үшін, «электрондық үкіметтің» Төлем шлюзі құрылған. Қазіргі уақытта 120 салық түрін және басқа да төлем міндеттемелерін бюджетке Қаржы министрлігі Салық комитетінің порталы арқылы, «Салық төлеуші кабинеті» арқылы,VISA, МacterCard (эквайрингті «Қазкоммерцбанк» АҚ қамтамасыз етеді) төлем карталарының көмегімен төлеуге болады.
      Үрдістер:
      1) халықпен және ұйымдармен өзара іс-қимыл кезінде мемлекеттік
органдарды мемлекеттік қызметшілермен тікелей байланысын болдырмайтын
«бір терезе» қағидаты бойынша Интернет сайттарды пайдалануға көшіру;
      2) «электрондық үкіметті» мемлекеттің халық пен ұйымдарға ұсынатын интерактивтік және транзакциялық қызмет көрсетулер санын ұлғайту жолымен дамыту;
      3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын халық үшін базалық қызметтер қолжетімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

3.2. «Халықты және ұйымдарды қол жетімді және сапалы
байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету» стратегиялық
бағыты бойынша

      Проблемалар:
      1) ауылдық елді-мекендерді телефондандырудың төмен қарқыны;
      2) тіркелген байланыс абоненттері тығыздығының төмен деңгейі;
      3)  тіркелген байланыс нарығында нақты бәсекелестіктің болмауы;
      4) интернет желісіне кең ауқымды қолжеткізудің жеткіліксіз дамуы;
      5) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы ретінде телекоммуникация саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның жарғылық капиталына шетелдік қатысуды шектеу;
      6) жылжымалы және тіркелген байланыс операторлары арасында өзара қосу проблемалары;
      7) Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторлары арасындағы интернет-трафикпен алмасу проблемалары;
      8) ұялы байланыс қызметін көрсетуге арналған жоғары тарифтер;
      9) ауылдық жерлерде техникалық нығайтылған почта байланысының бөлімшелері санының жеткіліксіздігі.
      Жүргізілген іс-шаралар:
      1) Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде телекоммуникациялық саланы дамыту жөнінде жүргізілген іс-шаралар мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді: тіркелген телефон желілерінің тығыздығы - елдің 100 тұрғынына 20,8; ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы — елдің 100 тұрғынына 87; Интернет пайдаланушылардың тығыздығы - елдің 100 тұрғынына 11; жергілікті телекоммуникация желілерін цифрлеу деңгейі - 83%;
      2) ұялы байланыс абоненттерінің саны 12 млн. астам болды, бұл ретте тығыздық көрсеткіші 100 тұрғынға шаққанда абоненттердің 87-сін құрады, бұл Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасында белгіленген 50-ден 100-ге асып түседі;
      3) Агенттік ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, тарифтерді төмендетуге бағытталған іс-шараларды жүргізуде: 2008 жылы ұялы байланыс операторлары тарифтерді азайту жағына қарай қайта қаралған әртүрлі тарифтік жоспарлар ұсынды; «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС («N 130» сауда маркасы) ел ішінде барлық бағыттар бойынша минутына 15 теңге және халықаралық қоңырауларға 32 теңге болды, «Neo» желісі ішінде тариф 0 теңгеге дейін төмендеді (қосу үшін 15 теңге);
      4) Агенттік сымсыз радио байланысы қызметін көрсету (Wi-Ғі, Wi-Мах) үшін 20-дан астам компанияларға радиожиілік спектрді пайдалануға рұқсат берді;
      5) Қазіргі уақытта Қазақстанда Интернет жүйесін пайдаланушылар саны артуда. 2006 жыл қорытындысы бойынша Интернетті пайдаланушылар тығыздығы елдің 100 тұрғынына 2,7 құрады; 2007 жылы елдің 100 тұрғынына 4; 2008 жылғы маусымдағы жағдай бойынша елдің 100 тұрғынына 11 пайдаланушы болды. Интернет желісіне 7458 мектеп қосылды немесе 96,6%, оның ішінде 5845 ауылдық мектептер немесе ауылдық елді мекендердегі жалпы мектеп санының 95,8%;
      6) Байланыс операторлары қолданыстағы қалалық талшықты-оптикалық инфрақұрылым базасында қалалық мультисервистік рұқсат беру желілері мен Мetrо Еthernet тасымалдау желілерін құруды жүзеге асыруда, бұл ADSI негізінде Интернетке кең ауқымды қол жеткізу, қалалық жылдамдығы жоғары арналар ұйымдастыру сияқты қызмет көрсетулердің жаңа түрлерін енгізуге мүмкіндік береді;
      7) «Востоктелеком» ЖШС ауылдық елді мекендерді СDМА 450 технологиясы бойынша телефондандыру және интернетпен қамту үшін радиожиілік спектрін пайдалануға арналған лицензиялар мен рұқсаттар берді;
      8) Агенттік радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссия шеңберінде азаматтық мақсаттарға арналған радиожиіліктер белдеуін бөлу жұмыстарын жүргізуде;
      9) ауылдық жерлерде күрделі және техникалық жайластыруды бірыңғай стандарттауға әкелу жолымен почта инфрақұрылымын жаңғырту.
      Үрдістер:
      1) халыққа және ұйымдарға мультимедиялық қызмет ұсынуға бағдарланған жоғары жылдамдығы оптикалық және сымсыз технологияларға негізделген телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту.
      2) жергілікті телефон байланысының сандық деңгейін арттыру;
      3) телефон байланысы мен Интернет желісіне кең ауқымды қолжетімділік қызметімен Қазақстан Республикасының үй шаруашылығын қамтуды қамтамасыз ету.

3.3. «Азаматтар мен ұйымдарды ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды күнделікті тұрмыста кеңінен
пайдалануға көшіру» стратегиялық бағыты бойынша

      Проблемалар:
      1) мемлекеттік қызметтерге қолжетімділік нүктелерден халықтың негізгі бөлігінің қашықтығы олардың қысқа мерзімде алу мүмкіндігінің болмауына әкеледі;
      2) республикада ақпараттық инфрақұрылымдарды құру үшін білікті мамандардың жетіспеушілігі.
      Жүргізілетін іс-шаралар:
      1) желілік ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен дамытуды, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдарды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 358 қаулысымен Интернет желісі қазақстандық сегментінің (Қазнет) бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мен дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды;
      2) халыққа арналған танымдық порталдар мен Қашықтан оқыту орталықтары құрылады (ақпараттық технологиялар мен менеджмент саласындағы Қашықтан және күндізгі оқытудың оқыту-консалтингтік орталығы);
      3) халықаралық ІТ-Университеті құрылды;
      4) ұлттық іздеу порталы және балалардың әлеуметтік желісі құрылуда;
      5) www.kaztube.kz бейне-порталдар құрылды.
      Үрдістер:
      1) Интернет желісіне жоғары қолжетімділік деңгейін қамтамасыз ету және азаматтармен және ұйымдармен күнделікті тұрмыста ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
      2) қазақстандық Интернет желісі сегментін мемлекеттік қолдаудың шаралар жүйесін құру.

Агенттік қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары,
міндеттері мен көрсеткіштері

Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2008 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1-стратегиялық бағыт. Халыққа және ұйымдарға мемлекеттік электрондық қызметтер көрсетулерді ұсыну

1.1-мақсат. Әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерінің айқындығын, сапасы мен тиімділігін арттыру

Мақсатты индикатор: Мемлекеттік электронды қызмет көрсетулер санының артуы

бірл.

2

2

10

10

10

10

10

1.1.1-міндет. Азаматтарды және ұйымдарды сандық сертификаттар арқылы мемлекеттік электрондық қызмет көрсетулерге қауіпсіз қолжеткізуді қамтамасыз ету

Жеке және заңды тұлғалар үшін электронды сандық қол қоюды беруге арналған ұлттық куәландыру орталығы куәлендірген, кемінде 3 мемлекеттік электронды қызмет көрсету (2010 жыл)

бірл.





3





1.1.2-міндет. Ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Ақпараттық жүйелерді ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттау.

бірл.





40





1.1.3-міндет. Автоматтандыруға жататын мемлекеттік қызметтерді ретке келтіру

Автоматтандыруға жататын мемлекеттік қызметтер тізбесін әзірлеу

бірл.





1

1

1

1

1

2-стратегиялық бағыт. Халықты және ұйымдарды қол жетімді және сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету

2.1-мақсат. Халық және бизнес үшін телекоммуникациялық және почта байланысы қызметтеріне қол жетімділікті арттыру

Мақсатты индикатор: Тіркелген байланыс желісінің, оның ішінде ауылдық жерлерде абоненттердің тығыздығы

адам/ бірл.

100 адамға 23

100 адамға 24

100 адамға 25

100 адамға 27

100 адамға 29

100 адамға 30

100 адамға 33

100 адамға 9

100 адамға 12

100 адамға 13

100 адамға 14

100 адамға 16

100 адамға 18

100 адамға 20

«Телефон желілері» БҒИ-дегі ұстаным



64

62

60

58

57

56

55

Мақсатты индикатор: Жергілікті, оның ішінде, ауылдық жерлердегі (кала/село) телекоммуникация желілерінің сандық деңгейін арттыру

%

85%,

88%

92%

95%

98%

98%

99%

75%

78%

82%

85%

87%

90%

95%

«Телефон инфрақұрылымының сапасы» БҒИ-дегі ұстаным

орын

мәлімет жоқ

91

88

85

84

83

82

Мақсатты индикатор: Ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы

адам/ бірл.

100 адамға 95

100 адамға 105

100 адамға 110

100 адамға 120

100 адамға 125

100 адамға 130

100 адамға 135

«Ұялы байланысты пайдаланушылардың саны» БҒИ-дегі ұстаным

орын

79

75

72

70

71

69

68

Мақсатты индикатор: Интернет желісіне қолжетімді абоненттерді , оның ішінде, кең жолақты Интернет желісі абоненттерін ң тығыздығы

адам/ бірл.

100 адамға 11

100 адамға 20

100 адамға 23

100 адамға 27

100 адамға 29

100 адамға 30

100 адамға 33

100 адамға 2,5

100 адамға 5

100 адамға 10

100 адамға 15

100 адамға 17

100 адамға 20

100 адамға 22

«Интернетті пайдаланушылар саны» БҒИ-дегі ұстаным

орын

90

88

82

82

78

71

68

«Кең жолақты Интернет желісін пайдаланушылар» БҒИ-дегі ұстаным

орын

91

89

86

83

82

81

80

2.1.1-мақсат. Тіркелген байланысты дамыту

Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру

бірл.



1

1









Нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу және телекоммуникация құралдары мен байланысын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды үйлестіру

бірл.







3

3

2



2.1.2-мақсат. Ұялы байланысты дамыту

3G ұялы байланыстың жаңа стандартын енгізу

бірл.



1







2.1.3-мақсат. Деректерді беру желісі мен Интернетке шығу желісін дамыту

Байланыс саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру

бірл.



1








Next Generation Network (NGN) технологиясындағы телекоммуникация желілерін салу және ауыстыру

бірл.





1






2.1.4-мақсат. Телекоммуникация нарығындағы бәсекелестікті дамыту және әкімшілік тосқауылдарды төмендету

Басым байланыс операторларының телефондық трафикті өткізуге арналған тарифтерді төмендету

%


30%

30%





Ақпараттандыру және байланыс саласындағы субъектілерге жоспарлы тексерулерді қысқарту (жылдық тексеру жоспарына сәйкес)

2007 жыл. %





1%

1%

1%

1%

1%

Азын-аулақ және орта деңгейдегі қауіп-қатер санаттарына жататын, ақпараттандыру және байланыс саласында субъектілерге тексеріс жүргізу ұзақтығы

Жұм. күн.

30

30

29

28

28

28

28

Рұқсат етілетін құжаттар және рәсімдер түрін қысқарту жолымен мемлекеттік реттеу ауыртпалығын төмендету

%





-

-

-

-

30%

3-стратегиялық бағыт. Азаматтар мен ұйымдарды ақпараттық-коммуникациялық технологияларды күнделікті тұрмыста кеңінен пайдалануға көшіру

3.1-мақсат. Халық және бизнес үшін телекоммуникация мен почта байланысы қызметінің қолжетімділігін арттыру

Мақсатты индикатор: Қазақстанда Интернетті пайдаланушылар санының артуы

%

14%

20%

20%

25%

30%

35%

40%

Мақсатты индикатор: Дербес компьютерлердің санын ұлғайту *«Дербес компьютерлер БҒИ бойынша

бірл.

мәлім. жоқ

1 500 000 дана

2 100 000 дана

2 700 000 дана







3.1.1-мақсат. Ұлттық контенттің өсуі

Ұлттық 10 мемлекеттік және 20 коммерциялық ресурстарды қалыптастыру және жылжыту

бірл.

10

10**

30***

30***

10

25***

25***

Инфокоммуникациялық технологиялар саласындағы дамуды реттейтін нормативтік-құқықтық базаны құру

бірл.

3

2 заң

2 заң



6

3

4

Инфокоммуникациялық технологиялар саласындағы стандарттарды әзірлеу

бірл.



8











Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда ақпараттық жүйелерді құруға шығындар нормативтерін әзірлеу

бірл.





1









Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда ақпараттық жүйелерді дамытуға шығындар нормативтерін әзірлеу

бірл.







1







Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда ақпараттық жүйелерді сүйемелдеуге шығындар нормативтерін әзірлеу

бірл.









1





«ИКТ бойынша заңнама» БҒИ-дегі ұстаным

орын

57

56

54

52

51

50

49

3.1.2.-мақсат. Қазақстанда бәсекеге қабілетті ІТ-индустрияны қалыптастыру және дамыту үшін жоғары білікті кадрлар даярлау

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін (жаңа Акционерлік қоғам) құру

бірл.



1

-

-

-

-

-

Студенттерді оқыту

адам



300

600

900

900

1100

1300

      Ескертпе: **    - мемлекеттік және коммерциялық ресурстардың
                        бастау алуы
                * * * - мемлекеттік және коммерциялық ресурстарды
                        дамыту

Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен
мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына
сәйкестігі

Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары және мақсаттары

Іске асыруға мемлекеттік органның қызметі бағытталған мемлекеттің стратегиялық мақсаттары

Стратегиялық құжаттың, нормативтік құқықтық актінің атауы

1

2

3

Стратегиялық бағыт: Халыққа және ұйымдарға мемлекеттік электронды қызметтер көрсету

Мақсат: Әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну үдерістерінің ашықтықтығын,сапасы мен тиімділігін арттыру

Электронды үкімет» құру жөніндегі жұмыстың нәтижелеріне мұқият талдау жүргізу қажет. Осыны ескере отырып, Әлемнің жетекші елдерінің тәжірибелеріне сүйену арқылы, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізуді жалғастыру.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауы

Стратегиялық бағыт: Халықты және ұйымдарды қолжетімді және сапалы байланыс қызмет көрсетулермен қамтамасыз ету

Мақсат: Халық және бизнес үшін телекоммуникациялық және почта байланысы қызмет көрсетулеріне қол жетімділікті арттыру.

Біздің мектептерге, кәсіпорындарға және үйлерге әлем желісінің енуін арттыра отырып, Интернет қызметтерінің құнын төмендету үшін жағдай жасау қажет.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауы

Мемлекет басшысының 2008 жылдың 6 ақпандағы Қазақстан халқына «Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты - Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру» атты Жолдауы

Стратегиялық бағыт:
Азаматтар мен ұйымдарды ақпараттық-коммуникациялық технологияларды күнделікті тұрмыста кеңінен пайдалануға көшіру

Мақсат: Қазақстандық Интернет желісі сегментінің өсуі

Біздің мектептерге, кәсіпорындарға және үйлерге әлем желісінің енуін арттыра отырып, Интернет қызметтерінің бағасын төмендету үшін жағдай жасау қажет. Интернет желісі ұлттық сегментінің даму саласында мемлекеттік саясатты іске асыру қажет. Казнеттің инфрақұрылымын дамыту қажет. Ғаламдық ақпараттық желілер мен жүйелерді құру және пайдалану үдерістерінде Қазақстанның қатысуы қажет

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауы

«Интернет желісі қазақстандық сегментінің (Қазнет) бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мен дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 358 Қаулысы

4. Агенттіктің функционалдық мүмкіндіктері мен ықтимал тәуекелдері

Тәуекелдер атауы

Алдын - ала сақтандыру және (немесе) уақытылы ден қою шараларын қабылдамаған жағдайда, мүмкін салдарлар

Басқару тетіктері мен шаралары

1

2

3

1) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін уақтылы құрылмауы;
2) нормативтік- құқықтық базаның өзгеруіне алып келетін бизнес үдерістердің өзгеруі;
3)«электронды үкімет» компонеттерімен ведомстволық ақпараттық жүйелер интеграциясына мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының төмен қызығушылығы;
4)ақпараттық-коммуникациялық желілердің, ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік органдар ресурстарының қорғалу деңгейінің төмен болуы;
5) ұсынылатын электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсетулердің даму деңгейінің төмендігі мен саны.

«Халыққа және ұйымдарға мемлекеттік электронды қызмет көрсетулерді ұсыну» және «Азаматтардың және ұйымдардың күнделікті өмірде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кең пайдалануға көшуі» стратегиялық бағыттардың қойған мақсаттарына жетпеуі

1. Инфокоммуникациялық технологиялар саласындағы нормативтік актілерді жетілдіру
2. Ақпараттық ресурстармен, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жүйелерінің тиімді жұмыс істеуі
3. Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзі арқылы мәліметтер алмасу және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына орталық мемлекеттік органдарының жергілікті - есептеуіш желілерінің сәйкестігі
4. Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін құру

1)радиожиілік ресурстарын негізгі пайдаланушы қорғаныс саласындағы уәкілетті орган болғандықтан, азаматтық мақсаттағы радиожиілік ресурстарының шектеулі болуы;
2) радиожиілік спектрін таратудың ұлттық кестесінің жетілдірілмеуі;
3) жаңа стандарттар мен радиобайланыстың жаңа түрлерін енгізу, тиісті нормативтік-құқықтық базаның кемшіліктері;

«Халықты және ұйымдарды қолжетімді және сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету» стратегиялық бағыттардың қойған мақсаттарына жетпеуі

1. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру
2. Телекоммуникация құралдары мен қызмет көрсетулерін стандарттау жөніндегі нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу.

Басқа да мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен
өзара іс-қимыл жасау

      Стратегиялық бағыттарды іске асыру үшін Агенттік барлық орталық және жергілікті мемлекеттік атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы мынадай халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады:
      - Халықаралық электр байланыс одағы;
      - Дүниежүзілік почта одағы;
      - Байланыс саласындағы өңірлік ынтымақтастық.
      Бұдан әрі Агенттік Халықаралық электр байланыс одағымен бірлесе отырып рейтингтік бағалаудың есебін әдістемелік сүйемелдеу бойынша өзара іс-қимыл ұйымдастырылатын болады.

5. Стратегиялық жоспарды әзірлеуге негіз болған нормативтік
құқықтық актілердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы;
      2. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі;
      3. «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы;
      4. «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңы;
      5. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы;
      6. «Почта туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңы;
      7. «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 219-ІV Заңы.

6. Бюджеттік бағдарламалардың тізбесі

      001 «Ақпараттандыру және байланыс саласындағы инфрақұрылымдарды және бәсекелестік нарықты дамыту жөніндегі қызметтер»;
      006 «Радиожиілік спектрінің және радиоэлектрондық құралдардың мониторинг жүйесін техникалық сүйемелдеу»;
      008 «ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігін материалдық-техникалық жарақтандыру»;
      010 «Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету»;
      011 «Мемлекеттік деректер базасын құру»;
      012 «Мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру»;
      014 «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»;
      017 «Ауылдағы байланыс операторларының әмбебап байланыс қызметтерін ұсыну жөніндегі залалдарын субсидиялау»;
      019 «Е-әкімдіктер және е-үкімет инфроқұрылымын интеграциялау жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу».