Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2005 жыл

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 247 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 10 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5999 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Меншiктi капитал бiрiншi деңгейдегi капитал мен екiншi деңгейдегi капиталдың (екiншi деңгейдегi капитал бiрiншi деңгейдегi капиталдан аспайтын мөлшерде енгiзiледi) және банк инвестицияларын шегергендегi үшiншi деңгейдегi капиталдың (үшiншi деңгейдегi капитал нарықтық тәуекелдi жабуға арналған бiрiншi деңгейдегi капитал бөлiгiнiң екi жүз елу пайызынан аспайтын мөлшерде енгiзiледi) сомасы ретiнде есептеледi.
      Банктiң заңды тұлғаның акцияларына салымдары (жарғы капиталындағы қатысу үлесi), сондай-ақ жиынтық мөлшерi банктiң бірінші деңгейдегі капиталы мен екінші деңгейдегі капиталының сомасының он пайызынан асатын заңды тұлғаның реттелген борышы банктің инвестициялары болып табылады.
      Үшінші деңгейдегі капитал нарықтық тәуекел мөлшерін жабуға арналған.
      Бірінші деңгейдегі капиталдың нарықтық тәуекелді жабуға арналған бөлігі былай есептеледі:
      1) активтердің, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің жалпы сомасы мен операциялық тәуекелдің мөлшері анықталады;
      2) капитал жеткіліктілігі нормативтерін, меншікті капиталға екінші деңгейдегі капиталды енгізу бойынша белгіленген шектеулерді ескере отырып, орындауға арналған бірінші деңгейдегі капиталдың барынша төменгі мөлшері осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес есептелген тәуекелдер мөлшерін осы Нұсқаулықтың 16-тармағында анықталған меншікті капитал жеткіліктілігінің нормативтік мәніне көбейту арқылы анықталады;
      3) бірінші деңгейдегі капиталдың нарықтық тәуекелді жабуға арналған бөлігі бірінші деңгейдегі капиталдың іс жүзіндегі мөлшері мен осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес есептелген бірінші деңгейдегі капиталдың барынша төменгі мөлшерінің айырмасы ретінде анықталады.
      Нарықтық тәуекелді жабуға арналған бірінші деңгейдегі капиталдың бөлігі нарықтық тәуекел мөлшерінің осы Нұсқаулықтың 16-тармағында белгіленген меншікті капитал жеткіліктілігінің нормативтік мәніне көбейтіндісі ретінде есептелетін нарықтық тәуекелді жабуға қажетті капитал мөлшерінің 3,5-ке қатынасынан аспауы тиіс.
      Осы Нұсқаулықтың мақсаты үшін Standard & Poor,s агенттігінің рейтингттік бағасынан басқа уәкілетті органмен Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің рейтингттік бағалары да танылады (бұдан әрі - басқа рейтинг агенттіктері).»;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына сәйкес қайта құрылымдауға жататын банктер бірінші деңгейдегі капиталға міндеттемелерді қайта құрылымдаудан алынған, есепті жылы ағымдағы кірісі болып табылатын кірістерді енгізуге құқылы.»;
      10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына сәйкес қайта құрылымдауға жататын банк үшін реттелген борыш екінші деңгейдегі капиталға соттың шешімімен белгіленген қайта құрылымдау жүргізу мерзімі аяқталған күнінен бастап бес жыл ішінде сатып алынған банктің реттелген борышының сомасы шегерілген бірiншi деңгейдегi капитал сомасының 75%-нан аспайтын сомада енгізіледі.»;
      15-тармақта:
      бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші абзацтармен толықтырылсын:
      «2012 жылғы 1 шілдеден бастап k1-1 банктің меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің мәні 0,08 кем еместі құрайды;
      2013 жылғы 1 шілдеден бастап k1-1 банктің меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің мәні 0,09 кем еместі құрайды;»;
      екінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші абзацтармен толықтырылсын:
      «2012 жылғы 1 шілдеден бастап k1-1 банктің меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің мәні 0,09 кем еместі құрайды;
      2013 жылғы 1 шілдеден бастап k1-1 банктің меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің мәні 0,10 кем еместі құрайды;»;
      үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші абзацтармен толықтырылсын:
      «2012 жылғы 1 шілдеден бастап k1-1 банктің меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің мәні 0,07 кем еместі құрайды;
      2013 жылғы 1 шілдеден бастап k1-1 банктің меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің мәні 0,08 кем еместі құрайды;»;
      33-1-тармақ мынадай төртінші, бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының және (немесе) «Стресстік активтер қоры» акционерлік коғамының қаржы компаниясының көрсетілген заемшылардың акцияларын (қатысу үлестерін) иеленуі нәтижесінде аффилиирленген болып табылатын заемшылар бір заемшы ретінде танылмайды.
      Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамы құратын ұйым «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясы деп танылады.»;
      34-тармақта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) банктің заемшыға қоятын банк балансынан шығарылған талаптары, сондай-ақ «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясымен секьюритизация мәмілелері бойынша кредиттер;»;
      5) тармақша мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «банкпен сатып алынған бағалы қағаздар бойынша банктің кепілдіктері;»;
      екінші бөліктің екінші абзацындағы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына» деген сөздерден кейін «, «тресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясына» деген сөздермен толықтырылсын;
      35-тармақ мынадай үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясына берілген секьюритилендірілген кредиттердің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының мөлшерінен аспауы тиіс.»;
      36-тармақтың екінші бөлігінің бірінші сөйлемі «шектен асып кетудi» деген сөздер «, «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясына берілген секьюритилендірілген кредиттердің жиынтық сомасы бойынша шектеуден асып кеткен жағдайда ағымдағы және одан кейінгі тоқсанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-қосымшаның «Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша сараланған банк активтерiнiң кестесi» кестесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 68-2 жолмен толықтырылсын:

«

68-2

«Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясымен шығарылған бағалы қағаздар

100


».

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 № 20 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Агенттік Басқармасының «Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 2 қазандағы № 146 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2008 жылғы 2 қазандағы № 146 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5368 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың алтыншы, жетінші абзацтары алынып тасталсын;
      2-тармақта:
      «2010 жылғы 1 қаңтардан» деген сандар мен сөздер «2011 жылғы 1 шілдеден» деген сандар мен сөздерге ауыстырылсын;
      «үшіншіден бастап жетіншіге дейінгі» деген сөздер «үшіншіден бастап бесіншіге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. Осы қаулы 2009 жылғы 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 № 20 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Стратегия және талдау департаменті (Н.А.Әбдірахманов):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      5. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      Төрайым                                         Е. Бахмутова