Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадғы № 243 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 10 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5994 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 167 қаулысымен

      "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне Астана қаласының әлеуметтік тұрақтылығына қауіп төндіретін жағдайды жою мақсатында "Есіл өзенінің арнасын қайта жаңарту, 8-кезек" жобасының шеңберінде қорғаныс бөгетінің су реттейтін құрылғысынан бұру арнасын салу үшін 2009 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Астана қаласының әкімдігіне аудару үшін дамуға нысаналы трансферттер түрінде 376892000 (үш жүз жетпіс алты миллион сегіз жүз тоқсан екі мың) теңге сомасындағы қаражат, оның ішінде:
      "N 2 учаскенің шегінде Есіл өзенінің арнасын қайта жаңарту, 8-кезек" жобасы бойынша - 271600200 (екі жүз жетпіс бір миллион алты жүз мың екі жүз) теңге;
      "N 3 учаскенің шегінде Есіл өзенінің арнасын қайта жаңарту, 8-кезек" жобасы бойынша - 105291800 (бір жүз бес миллион екі жүз тоқсан бір мың сегіз жүз) теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов