Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 01-01-07/217 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 10 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5993 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 02-02-18/255 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Туризм және спорт министрінің 2011.12.30 № 02-02-18/255 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
      2) ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың нысаны осы бұйрықтың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 1-2/36 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 16 наурыз, № 4577 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жылғы наурызда жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 1-2/112 бұйрығының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде, № 4797 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетені, 2007 жылғы тамызда, № 8 жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризмді, спортты дамыту және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Әкімшілік жұмыс департаменті (Ә.Х. Пірметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Т. Досмұхамбетов

Қазақстан Республикасы   
Туризм және спорт министрінің
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 01-01-07/217 бұйрығына  
1-қосымша         

Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі

      1. Ойын бизнесі саласында лицензия алу үшін «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша әр ойын мекемесіне өтінім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мынадай құжаттар қажет:
      1) букмекерлік кеңсе үшін:
      жылжымайтын мүлікке және онымен мәміле жасауға берілген құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесі;
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары қорытындысының түпнұсқасы;
      өртке қарсы қадағалау органдары қорытындысының түпнұсқасы;
      өтінім берушінінің қолымен және мөрімен куәландырылған меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерімен бірге ойын жабдықтары тізбесінің түпнұсқасы;
      күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамамен белгіленген тәртіппен лицензия алған жеке және (немесе) заңды тұлғалармен жасалған шарттың (шарттардың) көшірмесі (көшірмелері);
      құмар ойындары және ставкаларды қабылдау өткізілетін ойын мекемесі жұмысы ережесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесі;
      республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштерде, бірінші талап ету бойынша салымды беру жағдайы кезінде (талап етілгенге дейінгі салым) 20 000 мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банкпен жасалған шарттың нотариалды расталған көшірмесі;
      кассалар тізімінің түпнұсқасы;
      құжаттардың атауы және бет саны көрсетілген барлық ұсынылатын құжаттардың тізімдемесі;
      2) тотализатор үшін:
      жылжымайтын мүлікке және онымен мәміле жасауға берілген құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесі;
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары қорытындысының түпнұсқасы;
      өртке қарсы қадағалау органдары қорытындысының түпнұсқасы;
      өтінім берушінінің қолымен және мөрімен куәландырылған меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерімен бірге ойын жабдықтары тізбесінің түпнұсқасы;
      күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамамен белгіленген тәртіппен лицензия алған жеке және (немесе) заңды тұлғалармен жасалған шарттың (шарттардың) көшірмесі (көшірмелері);
      құмар ойындары және ставкаларды қабылдау өткізілетін ойын мекемесі жұмысы ережесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесі;
      республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштерде, бірінші талап ету бойынша салымды беру жағдайы кезінде (талап етілгенге дейінгі салым) 5 000 мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банкпен жасалған шарттың нотариалды расталған көшірмесі;
      кассалар тізімінің түпнұсқасы;
      құжаттардың атауы және бет саны көрсетілген барлық ұсынылатын құжаттардың тізімдемесі;
      3) казино үшін:
      тиісті жергілікті атқарушы органның ойын бизнесін жүргізу үшін айқындалған аумақта казиноның орналасуы туралы анықтамасының түпнұсқасы;
      жылжымайтын мүлікке және онымен мәміле жасауға берілген құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесі;
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары қорытындысының түпнұсқасы;
      өртке қарсы қадағалау органдары қорытындысының түпнұсқасы;
      өтінім берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерімен бірге ойын жабдықтары тізбесінің түпнұсқасы;
      күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамамен белгіленген тәртіппен лицензия алған жеке және (немесе) заңды тұлғалармен жасалған шарттың (шарттардың) көшірмесі (көшірмелері);
      құмар ойындары және ставкаларды қабылдау өткізілетін ойын мекемесі жұмысы ережесінің мемлекеттік және орыс көшірмесі;
      республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштерде, бірінші талап ету бойынша салымды беру жағдайы кезінде (талап етілгенге дейінгі салым) 25 000 мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банкпен жасалған шарттың нотариалды расталған көшірмесі;
      құжаттардың атауы және бет саны көрсетілген барлық ұсынылатын құжаттардың тізімдемесі;
      4) ойын автоматтары залы үшін:
      тиісті жергілікті атқарушы органның ойын бизнесін жүргізу үшін айқындалған аумақта казиноның орналасуы туралы анықтамасының түпнұсқасы;
      жылжымайтын мүлікке және онымен мәміле жасауға берілген құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесі;
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары қорытындысының түпнұсқасы;
      өртке қарсы қадағалау органдары қорытындысының түпнұсқасы;
      өтінім берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерімен бірге ойын жабдықтары тізбесінің түпнұсқасы;
      күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамамен белгіленген тәртіппен лицензия алған жеке және (немесе) заңды тұлғалармен жасалған шарттың (шарттардың) көшірмесі (көшірмелері);
      құмар ойындары және ставкаларды қабылдау өткізілетін ойын мекемесі жұмысы ережесінің мемлекеттік және орыс көшірмесі;
      республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштерде, бірінші талап ету бойынша салымды беру жағдайы кезінде (талап етілгенге дейінгі салым) 25 000 мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банкпен жасалған шарттың нотариалды расталған көшірмесі;
      құжаттардың атауы және бет саны көрсетілген барлық ұсынылатын құжаттардың тізімдемесі.

   Қазақстан Республикасы 
Туризм және спорт министрінің
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 01-01-07/217 бұйрығына
2-қосымша        

Нысаны

Ойын жабдығы тізбесі

      Орны: __________________________________________
      Меншік иесі: __________________________________

Ойын жабдығының түрі

Дайындаушы зауыт, сериялы №

Сәйкестік сертификатының деректері

Тестілеу күні

Ұтыс пайызы

Техникалық жағдайы

1

2

3

4

5

6

7















      М.О.                                                    қолы

Қазақстан Республикасы   
Туризм және спорт министрінің
2009 жылғы 14 желтоқсандағы 
№ 01-01-07/217 бұйрығына   
3-қосымша          

Нысаны

Кассалар тізімі*

_____________________________________
өтінім берушінің атауы

____________________________________________________________
ойын бизнесінің саласын, ойын мекемесінің орналасқан жерін, оның атауын көрсету

Елді мекен

Орналасқан жері

Электрондық кассаның мекен жайы

1

2

3

4





*Кассалардың ашылуы немесе қолданыстағы кассалардың орналасқан жерінің өзгеруі кезінде 10 күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға кассалардың өзгертілген тізімін ұсынуға міндеттенемін

      М.О.                                                     қолы