Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.10.22 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 61 қаулысына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4138тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесінде:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) пайдасына бағалы қағаздарға ауыртпалық салынған тұлғалар туралы;»;
мынадай мазмұндағы 23-2 және 23-3-тармақтармен толықтырылсын:
«23-2. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы лицензиясынан айырылған жағдайда номиналды ұстаушы клиенттердің номиналды ұстауға берілген активтердің қайтаруын қамтамасыз ету мақсатында номиналды ұстаушының есеп жүргізу жүйесінде клиентпен номиналды ұстау жөнінде жасалған шарт аясында ашылған шоттардағы активтерді есептен шығару жөніндегі бұйрықтарды номиналды ұстаушыға ұсыну қажеттілігі туралы клиенттерді хабардар етеді.
Номиналды ұстаушы клиенттің активтерін есептен шығару жөніндегі бұйрығын алған жағдайда осы Ереженің 23-1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді орындайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны клиентке жіберген күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде клиенттің активтерін есептен шығару туралы бұйрықты не клиенттің орналасқан жерде (тұрғылықты жері бойынша) болмауы туралы хабарламаны алмаған жағдайда, номиналды ұстаушы:
1) орталық депозитарийге орталық депозитарийдің есеп жүргізу жүйесінде ашылған номиналды ұсатушының шотынан бағалы қағаздарды кейін оларды эмитенттің бағалы қағаздарын ұсатушыларының тізілімдері жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушінің номиналды ұстаушының клиентіне бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімі жүйесінде ашылған жеке шотына есепке алуы мақсатында бағалы қағаздарды есептен шығару жөнінде бұйрық жібереді;
2) клиенттің ақшасын, кейіннен оларды номиналды ұстаушының осы клиентіне тапсыру үшін, нотариус депозитіне береді;
3) осы тармақтың үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді жасағаны туралы клиентті хабардар етеді.
Орталық депозитарий номиналды ұстаушының шотынан клиенттердің активтерін есептен шығаруды номиналды ұстаушының бұйрықтары негізінде жүзеге асырады.
23-3. Орталық депозитарий номиналды ұстаушының бұйрығын алған күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде эмитенттің бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушіге номиналды ұстаушыға оның клиенті номиналды ұстаудың есебін жүргізу жүйесінде жеке шотты ашу үшін ұсынған құжаттардың түпнұсқаларын және
1) номиналды ұстаушының клиенті болып табылатын бағалы қағаздардың меншік иесіне тізілімдер жүйесінде жеке шотты ашу;
2) номиналды ұстаушының клиенті болып табылатын бағалы қағаздардың меншік иесіне бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесінде ашылған жеке шотына оған тиесілі бағалы қағаздарды есепке алу жөніндегі бұйрықтарды жібереді.
Тізілімдер жүйесіндегі жеке шотқа есепке алынған бағалы қағаздардың меншік иесі орталық депозитарийге өтініш жасаған жағдайда орталық депозитарий оған жеке шотының деректемелері мен осы жеке шотты ашқан тіркеуші туралы мәліметтерді ұсынады.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Бағалы қағаздар ұстаушының жеке шотын жабу бойынша операцияны:
1) жеке шотты жабу жөніндегі бұйрықтың негізінде;
2) егер осы клиентпен жасалған номиналды ұстау туралы шартта өзге мерзім белгіленбесе соңғы он екі айда осы жеке шотта бағалы қағаздар болмаған жағдайда;
3) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы лицензиясынан айырылған жағдайда клиентке барлық активтер қайтарылған жағдайда номиналды ұстаушы жүргізеді.
Жеке шотты жапқан кезде клиентке номиналды ұстаушының ішкі құжатында белгіленген нысанда тиісті хабарлама жіберіледі.»;
1-қосымшаның екінші кестесінің «ауыртпалық» деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«
пайдасына ауыртпалық салу жүзеге асырылған тұлғаны көрсете отырып, ауыртпалық салынған |
»;
2-қосымшаның үшінші кестесінің «ауыртпалық түсірілген және (немесе) оқшауланған» деген бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
«
пайдасына ауыртпалық салу жүзеге асырылған тұлғаны көрсете отырып, ауыртпалық салынған және (немесе) оқшауланған |
».
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жіберсін.
4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымның орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова