Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды сынақтан өткізу, оларды және нормативтік құжаттаманы тіркеу, беру, сақтау, депозитке берудің толықтығын қамтамасыз ету және оларды тіркеу, депозитарийге беру мен сақтау туралы мәліметтерді ұсыну ережесін бек

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 1 желтоқсандағы N 480 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 5 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5981 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 63 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.01.2016 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды сынақтан өткізу, оларды және нормативтік құжаттаманы тіркеу, беру, сақтау, депозитке берудің толықтығын қамтамасыз ету және оларды тіркеу, депозитарийге беру мен сақтау туралы мәліметтерді ұсыну ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.Б. Елеусізова) белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары  Е.Д.Дүрмағамбетовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                            Қ. Есекеев

Қазақстан Республикасы  
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі төрағасының   
2009 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 480 бұйрығымен бекітілген

Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарийда тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтер ұсыну мен депониттеуді сынақтан өткізу, тіркеу, беру, сақтау, толықтығын қамтамасыз ету ережесі

1. Жалпы ереже

      1. Осы Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық ұсыну құжаттаманы депозитарийда тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтер мен депониттеуді сынақтан өткізу, тіркеу, беру, сақтау, толықтығын қамтамасыз ету Ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысымен бекітілген, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің және депозитарияның мемлекеттік тіркелімін жүргізу Ережесіне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарияда тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтер ұсыну мен депониттеуді сынақтан өткізу, тіркеу, беру, сақтау, толықтығын қамтамасыз ету тәртібін анықтайды.
      2. Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарияда тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтер ұсыну мен депониттеуді сынақтан өткізу, тіркеу, беру, сақтау, толықтығын қамтамасыз ету ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйыммен (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) жүзеге асырылады.

2. Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы сынақтан өткізу

      3. Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы сынақтан өткізу осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша, сынақтан өткізу өтініші негізінде (бұдан әрі – сынақтан өткізу өтініші) жүзеге асырылады.
      4. Бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік-техникалық құжаттаманың иесі немесе меншік иесі уәкілетті ұйымға сынақтан өткізу өтінішін және осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша сынақтан өткізу сипаттама туралы сауалнама-сұраулық береді. Өтінішке қоса беріледі:
      1) ақпараттық жүйенің атқарылатын бағдарламалық кодтары, мыналарды қосады:
      бағдарламалық өнімді әзірлеушілермен тікелей жазылған, бастапқы бағдарламалық кодтарды, сондай-ақ жобада пайдаланылатын, тараптық әзірлеушілердің кодтарын;
      қолмен немесе автоматты құрастыру үшін қажетті қызметтік файлдарын;
      депониттелетін бағдарламалық өнімді құрастыру үшін қажетті әзірлеу ортасының күйге келтіру ерекшеліктерін, құрастыру үдерісінің сипаттауын (әзірлеу ортасы мен оның болжамын көрсетуімен);
      2) жүктеу файлы, мыналарды қосады:
      депониттелетін бағдарламалық өнімді орнату бағдарламасының қалыптастырылған пакеттерін;
      бағдарламалық өнімді әзірлеушілермен тікелей құрылған, депониттелетін бағдарламалық өнімнің құрастырылған модулдерін (құрауыштары), сондай-ақ тараптық әзірлеушілердің құрастырылған модулдері (құрауыштары), депониттелетін бағдарламалық өнімді құрастыру, орнату және толық қанды жұмыс істеуі үшін қажетті күйге келтірулері мен жұмыс деректері бар файлдарын;
      3) меншік иесімен немесе иеленушімен анықталатын қажетті жағдайында, қосымша бағдарламалық қамтамасыз етуін;
      4) ақпараттық жүйенің аңдатпалық немесе жарнамалық сипаттамасын;
      5) нормативтік-техникалық құжаттама – ерекшелік, ақпараттық жүйенің сипаттамасы, сынақтан өткізу бағдарламасы мен әдістемесі, пайдаланушылық құжаттама, мыналарды қосатын:
      депониттелетін бағдарламалық өнімнің ерекшелігін;
      техникалық тапсырманы (бағдарламалық өнімді дамытудың барлық кезеңдерін);
      формулярды (депониттелетін бағдарламалық өнімді пайдалану туралы негізгі сипаттамалар, жинақтылық және мәлімет);
      бағдарламалық өнімнің сипаттамасын (жұмыс және өзара іс-қимыл сызбасы мен диаграммасын қосқанда бағдарламалық өнімнің логикалық құрылымы мен жұмыс істеу туралы мәліметтер);
      түсіндірмелік жазбаны (алгоритм сызбасы, бағдарламалық өнімнің алгоритмін және (немесе) жұмыс істеудің жалпы сипаттамасы, сондай-ақ қабылданған техникалық және техника-экономикалық шешімдердің негіздемесі);
      қолданылу сипаттамасын (бағдарламалық өнімнің мақсаты, қолданылу саласы, қолданылатын әдістер, шешілетін міндеттердің класы, қолдану үшін шектеулер, техникалық құралдардың төменгі үйлесімдігі туралы мәліметтер);
      орнату жөніндегі нұсқаулықты;
      әкімшінің нұсқаулығын;
      пайдаланушының нұсқаулығын;
      техникалық тапсырмамен талап етілетін, басқа да құжаттарын;
      6) меншік иесінің және (немесе) иеленушінің қалауы бойынша басқа да бағдарламалық құралдар мен құжаттары.
      Сауалнама-сұраулық сынақтан өткізілетін үлгінің сипаттамасын анықтау үшін толтырылады және құпия ақпарат болып табылады. Егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса, сынақтан өткізу өтініші заңды тұлғаның фирмалық бланкісінде ресімделеді.
      5. Уәкілетті орган сынақтан өткізуге өтініші түскен күнде оны осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша сынақтан өткізуге түскен өтініштерін тіркеу журналында тіркеуін жүзеге асырады.
      Сынақтан өткізу өтініші, сауалнама-сұраулық тиісті толтырылған немесе қоса берілген бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік-техникалық құжаттаманың жинақтама жағдайында уәкілетті ұйым сынақтан өткізу өтініші берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы сынақтан өткізу туралы шешім қабылдайды.
      6. Сынақтан өткізу өтініші, сауалнама-сұраулық тиіссіз толтырылған немесе қоса берілген бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар және нормативтік-техникалық құжаттама жинақсыз болған жағдайында, уәкілетті ұйым осы Ереженің 5-тармағында белгіленген мерзімде сынақтан өткізу өтінішті, сауалнама-сұраулықты және қоса берілген бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттамаларды қайтарылу себебін көрсетуімен өтініш берушіге қайтарады.
      7. Сынақтан өткізу өтінішін тіркегеннен кейін уәкілетті ұйым өтінішті тіркеген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттамаларды сынақтан өткізеді.
      8. Бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар және нормативтік-техникалық құжаттамалар жөніндегі бастапқы деректер және оларды сынақтан өткізу нәтижелері, сынақты өткізген сынақ зертханасының меңгерушісі мен қызметкерінің қолымен бұрыштама соғылатын екі данадағы хаттамаға енгізіледі.
      9. Сынақ аяқталғаннан кейін хаттаманың бір данасы өтініш берушіге жолданады.

3. Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттамаларды тіркеу

      10. Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттамаларды тіркеу депониттеуге берілген өтініш негізінде (бұдан әрі – депониттеуге өтініш) жүзеге асырылады.
      11. Депониттелетін бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік-техникалық құжаттамалардың меншік иесі немесе иеленуші осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша депониттеуге толтырылған өтінішті ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) береді.
      12. Уәкілетті орган уәкілетті ұйымға депониттелетін бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттамаларды депониттеу және жинау өтінішін уәкілетті ұйымға үш жұмыс күні ішінде тапсырады.
      13. Уәкілетті ұйым депониттеуге өтініші келіп түскен күні оны осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша депониттеуге келіп түскен өтініштерді тіркеу журналында тіркеуін жүзеге асырады.
      14. Уәкілетті ұйым он бес күн ішінде депониттеуге өтініштің дұрыс ресімделуін, депониттелетін бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар және нормативтік-техникалық құжаттамалар жиынтықтылығын, бағдарламалық кодтардың жеткіліктілігін, құрастырылған модулдердің тұтастығы мен депониттеу объектілерінен қалпына келтірілген, депониттелетін бағдарламалық өнімнің толық қанды жұмыс қабілетін тексереді.
      15. Депониттеуге өтініші тиісті ресімделмеген, өтініш берілген бағдарламалық өнімдері, бағдарламалық кодтары және нормативтік-техникалық құжаттамалары сәйкес келмеген жағдайында, уәкілетті ұйым осы Ереженің 14-тармағымен белгіленген мерзімде, қайтарылу себептерін көрсетуімен депониттеуге өтінішін және депониттелетін бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттамаларды уәкілетті органға қайтарады.
      16. Уәкілетті орган үш жұмыс күн ішінде қайтарылу себебін көрсетуімен депониттеуге тіркеу өтініштерін өтініш берушіге қайтарады.
      17. Депониттеуге өтініші дұрыс ресімделген, бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар және нормативтік-техникалық құжаттамалар жиынтықтылығы, бағдарламалық кодтардың жеткіліктілігі, құрастырылған модулдердің тұтастығы мен депониттеу объектілерінен қалпына келтірілген, депониттелетін бағдарламалық өнімнің жұмыс қабілеті толық қанды жағдайында, уәкілетті ұйым бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттамаларды депозитарияда депониттеуді, есепке алуды және сақталуды қамтамасыз етуін жүргізеді.

4. Депониттелетін бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттамаларды беру және сақтау

      18. Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттамаларды беру және сақтау депониттеуге өтінішін талдаудың және бағдарламалық өнімдері, бағдарламалық кодтары және нормативтік-техникалық құжаттамаларының оң нәтижелері жағдайында уәкілетті ұйыммен жүзеге асырылады. Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттамаларды беру және сақтау депониттеуге өтініштерін тіркеу журналында тіркеу және депозитарлық нөмір беру арқылы жүргізіледі.
      19. Бастапқы бағдарламалық кодтар, орнату пакеттері мен депониттелетін бағдарламалық өнімнің құрастырылған модулдері екі данада (түпнұсқасы және көшірмесі) электрондық тасығышта ұсынылады.
      20. Нормативтік-техникалық құжаттама (түпнұсқасы және көшірмесі) қағаз түрінде екі данада, сондай-ақ электрондық түрде электрондық тасығышта (түпнұсқасы және көшірмесі) ұсынылады.
      21. Бағдарламалық өнімнің атауы мен жинақтың атауы электрондық тасығыштардың (компакт-дисктер) үстіңгі қабатында жазылуы тиіс.
      22. Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттамаларды қағаз тасығыштарда сақтау депониттеу объектілерінің меншік иесі немесе иеленушінің атауы және жобаның атауы не болмаса оның тіркеу нөмірі көрсетілетін, темір шкафтарда жүзеге асырылады.
      23. Электрондық тасығыштардағы бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттама электрондық тасығыштарда (компакт-дискілер) сақтау келесі талаптарды сақтауын қамтамасыз ететін, үй-жайларда жүзеге асырылады:
      1) қоршаған ортаның магниттік және электромагниттік ықпалынан қорғау;
      2) механикалық бүліну мен деформациядан, ластану мен шаңданудан, экстремалды температурасы мен тура күн сәулелерінің ықпалынан қорғау;
      3) температуралы-ылғалы тәртібін сақтау.
      24. Уәкілетті ұйым электрондық тасығыштардың (компакт-дискілердің) мерзімді тексеруін қамтамасыз етеді және мемлекеттік емес бағдарламалық өнімнің меншік иесі немесе иеленушісімен көшіруге құқық берілмеген жағдайынан басқа, олардың сақталу мерзіміне сәйкес оларды қайта жазуды жүзеге асырады.

5. Бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік-техникалық құжаттамалардың толық депониттелуін қамтамасыз ету

      25. Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттамаларды депониттеудің толықтығы осы Ереженің 14-тармағына сәйкес депониттеуге өтінішті талдау жүргізу кезінде уәкілетті ұйыммен қамтамасыз етіледі.
      26. Бағдарламалық өнімдерге, бағдарламалық кодтарға және нормативтік-техникалық құжаттамаларға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізген жағдайда уәкілетті ұйым енгізілген өзгерістерімен бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік-техникалық құжаттамалардың логикалық өзара байланысын тексереді. Ескірген бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар және нормативтік-техникалық құжаттамалар депониттелетін бағдарламалық өнімнің дамудағы өзгерістерді сақтау және қадағалау үшін депозитарийда қалады.
      27. Ұсынылған ақпараттар жеткіліксіз жағдайында уәкілетті ұйым бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттамалардың меншік иесі немесе иеленушісінен бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттамаларды депониттеу кезінде деректердің құрамын немесе мазмұнын анықтау үшін қажетті депониттеу объектілері туралы қосымша ақпаратты сұрайды.
      28. Депониттелген бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттамалар туралы қосымша ақпараттар ұсыну туралы сұрау салуды алған кезінде электрондық ақпараттық ресурстардың және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі тиісті сұрауды алған күннен бастап он жұмыс күн ішінде толық жауапты ұсынады.

6. Тіркелген депониттеу объектілерін тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтер ұсыну

      29. Тіркелген бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттамаларды тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтер ұсыну тәртібі уәкілетті органға жолданатын, сұрау негіздері мен себептері көрсетілуімен заңды немесе жеке тұлғаның жазбаша сұрау салуы негізінде жүзеге асырылады.
      30. Уәкілетті орган сұрау салудың түскен күннен бастап үш күн мерзімде, оның қанағаттандырылған жағдайында, оның көшірмесін уәкілетті ұйымға орындау үшін жібереді, ал қанағаттандырудан бас тартқан кезде – сұрау салушыға уәждеу жауап жолдайды.
      31. Сұрау уәкілетті ұйыммен сұраудың көшірмесі келіп түскен күннен он күндік мерзімде орындалады.

Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық  
кодтарды және нормативтік-техникалық    
құжаттаманы депозитарийда тіркеу, беру  
және сақтау туралы мәліметтерді ұсыну мен
депониттеуді сынақтан өткізу, тіркеу,   
беру, сақтау, толықтығын қамтамасыз ету 
Ережесіне 1-қосымша  

Нысан

Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативті-техникалық құжаттаманы сынақтан өткізуге
өтініш

1. _________________________________________________________________
        (өтініш беруші–ұйымның атауы, өтініш берушінің Т.А.Ә.)
____________________________________________________________________
(өтініш берушінің пошталық мекен-жайы, e-mail мен телефоны, облыс,
                             қала, аудан)
сараптама өткізуді өтінеді __________________________________________
                 (бағдарламалық құралдар, деректер қорларының атауы,
                           нұсқаның нөмірі, әзірленген күні)
2. __________________________________________________________________
      (әзірлеуші туралы ақпарат, атауы немесе авторлардың Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
          облыс, қала, аудан, пошталық мекен-жайы, телефоны)
3. Бағдарламалық құралдар мен деректер қорларының қысқаша аңдатпа_____________________________________________________________________
    (мақсаты, қолданылуы, жаңалығы, ұқсастығы және т.б., әзірлеудің
                       пайдаланылатын құралдары)_____________________________________________________________________4. Қосымша мәліметтер:
_____________________________________________________________________Өтініш беруші–ұйымның басшысы/ өтініш берушінің Т.А.Ә _____________________________________________________________________                            (қолы, күні)

Өтініш беруші–ұйымның
бас бухгалтері        ______________________________________________                                         (қолы, күні)

      М.О.

Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық  
кодтарды және нормативтік-техникалық    
құжаттаманы депозитарийда тіркеу, беру  
және сақтау туралы мәліметтерді ұсыну мен
депониттеуді сынақтан өткізу, тіркеу,   
беру, сақтау, толықтығын қамтамасыз ету 
Ережесіне 2-қосымша    

Нысан

Сынақтан өткізілетін үлгінің сипаттамалары туралы
САУАЛНАМА-СҰРАУЛЫҚ
(құпия)

1. Өнімнің/жобаның атауы ___________________________________________
2. Ұйым немесе кәсіпорын/ әзірлеушінің Т.А.Ә._______________________
Мекен-жайы: _____________ қ., ______________________________ көшесі,
Телефон: ________________, факс: ___________________________
Электрондық поштаның адресі: ________________ @ ____________
3. Сауалнама-сұраулықты толтыруға уәкілетті ұйыммен жауапты тұлға
Тегі, Аты, Әкесінің аты: _______________ _____________ _____________
Лауазымы: ______________________________
Телефон: _________________, факс: ____________________
Электрондық поштаның адресі: ___________ @ ___________
4. Бағдарламалық құралдардың сәулеті (Бағдарламалық құралдар сәулетінің сызбасы қоса берілсін) ____________________________________________________________________
4.1. Дерек қорының сервері бар болуы (саны) ________________________
4.2. Серверде пайдаланылатын операциялық жүйе ______________________
4.3. Серверде пайдаланылатын деректер қорының басқару жүйесі
____________________________________________________________________
4.4. Қосымшалар серверінің бар болуы (саны)
____________________________________________________________________
4.5. Серверлерде пайдаланылатын қосымшалардың атауы
____________________________________________________________________
4.6. Әкімшілер үшін жұмыс станциялардың бар болуы (саны/IP– адрестердің саны:
____________________________________________________________________
4.7. Жұмыс станцияларының саны
____________________________________________________________________
4.8. Жұмыс станциясында пайдаланылатын операциялық жүйе
____________________________________________________________________
4.9. Бағдарламалық құралдар әзірлеудің тіл ортасы
____________________________________________________________________
5. Қосымша мәліметтер
5.1. Деректер берудің пайдаланылған желісінің үйлесімділігі мен сипаттамасы /жергілікті-есептеу желілерінің:
____________________________________________________________________
6. Сынақтан өткізілетін үлгінің бағдарламалық құралдарды, деректер қорларын құжаттандыру (кестені толтыру)

1

2

3

4

5

6

7



Техникалық тапсырма

Техно-жұмыстық жоба

Бағдарламалық қамтамасыз етудің бастапқы кодтары

Серверлердің үйлесімділгі мен саны бойынша техникалық ерекшеліктері

Жұмыс станцияларының үйлесімділігі мен саны бойынша техникалық ерекшеліктері

Сынақтан өткізу бағдарламасы мен әдістемесі

Басқа құжаттаманың бар болуы


Иә/Жоқ

Иә/Жоқ

Иә/Жоқ

Иә/Жоқ

Иә/Жоқ

Иә/Жоқ

Иә/Жоқ

6.1. Техникалық тапсырма /талаптардың ерекшелігі
__________________________________________________________________
6.2. Техно-жұмыстық жоба (стандарттарға сәйкес құрамы)
__________________________________________________________________
6.3. Бағдарламалық құралдары деректер қоры бастапқы кодтарының дайындығы (нұсқасы, атауы)
__________________________________________________________________
6.4. Ұсынылған серверлердің үйлесімділігі мен саны бойынша техникалық ерекшеліктері
__________________________________________________________________
6.5. Жұмыс станцияларының үйлесімділігі мен саны бойынша техникалық ерекшеліктері
__________________________________________________________________
6.6. Сынақтан өткізу бағдарламасы мен әдістемесі
__________________________________________________________________
6.7. Стандарттармен көзделген, басқа да құжаттамалардың бар болуы ____________________________________________________________
7. Пайдаланылатын лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету
__________________________________________________________________
Пайдаланылатын лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету

Операциялық жүйе

Стандарттық қосымшалар

Деректер қорының басқару жүйесі

Жобада пайдаланылатын қосымша қосымшалар

Басқа бағдарламалық қамтамасыз ету

























8. Сынақтан өткізілетін үлгіге лицензияның бар болуы/бағдарламалық құралдар/деректер қоры (лицензияның №, иесінің/меншік иесінің атауы)
____________________________________________________________________
9. Басқа ақпараттар
__________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық  
кодтарды және нормативтік-техникалық    
құжаттаманы депозитарийда тіркеу, беру  
және сақтау туралы мәліметтерді ұсыну мен
депониттеуді сынақтан өткізу, тіркеу,   
беру, сақтау, толықтығын қамтамасыз ету 
Ережесіне 3-қосымша   

Нысан

Сынақтан өткізуге келіп түскен өтініштерді тіркеу журналы

№ р/р

Өтініш нөмірі

Түскен күні

Өтініш беруші – ұйымның атауы

Өтініш беруші (өтінішке немесе хатқа қол қойған басшы)

Қабылдады






Т.А.Ә.

Қолы








Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық  
кодтарды және нормативтік-техникалық    
құжаттаманы депозитарийда тіркеу, беру  
және сақтау туралы мәліметтерді ұсыну мен
депониттеуді сынақтан өткізу, тіркеу,   
беру, сақтау, толықтығын қамтамасыз ету 
Ережесіне 4-қосымша  

Нысан

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДЕР МЕН НОРМАТИВТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАЛАРДЫ ДЕПОНИТТЕУГЕ
ӨТІНІШ

Тіркеу №: _____________________ тіркелген күні: 200_ж. «___» _______                  (уәкілетті орган қызметкерлерімен толтырылады)
Өтініш беруші – ұйымның толық атауы немесе өтініш беруші – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты:
____________________________________________________________________
Депониттелетін объект атауы
____________________________________________________________________
Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйенің Тіркелімінде объектінің тіркеу нөмірі ______________________________________________________

      Даналар
      санында:                     Әрбірі мынадай жинақтамада:

№ р/с

Құжаттың CD/файл/атауы

CD сериялық нөмірі

CD көлемі (Мгб)

Қағаз тасығыштың парақтар саны

Түпнұсқа (Т) Көшірме (К)

























Бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік-техникалық құжаттамалардың иесі туралы мәліметтер

Иесінің толық атауы _________________________________
Ведомстволық бағыныстылық:___________________________
Ұйымның қысқартылған
атауы:                    ___________________________

Мекен-
жайы: |________| ____________________________________
        индекс

______________________________________________________
Тел.:_______________  ___________ Факс: ______________
E-mail: ___________________ Http:_____________________
                            //
Байланысушы __________________________________________
тұлға:        толық тегі, аты, әкесінің аты; телефоны

Бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік-техникалық құжаттамалардың әзірлеушісі туралы мәліметтер

Ұйымның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты:
________________________________________________________
Ведомстволық бағыныстылық:______________________________
Ұйымның қысқартылған
атауы:                    ______________________________

Мекен-
жайы: |_________| ______________________________________
        индекс
Тел.:_______________  ___________ Факс: ______________
E-mail: ___________________ Http:_____________________
                            //
Байланысушы
тұлға:      ______________________________________________
                толық тегі, аты, әкесінің аты; лауазымы,
                             телефоны

Авторлар туралы мәліметтер

Автор
(лар): _______________________________________________
______________________________________________________
Сертификаттау туралы
мәліметтер:

Шығарылған жылы:

Нұсқа:

Бағдарламалық тілі (дері)

Шығарылған күні

Аңдатпа (мақсаты):

Ең аз жүйелік талаптар

Компьютер түрі, процессор,
сопроцессор, жиілік:      ______________________________
Оперативті
жады (RAM): ________________ Винчестерде _______________
                             қажет:
Операциялық
жүйелер: _______________________________________________
Бейне жүйе: ____________________________________________
Акустикалық жүйе: ______________________________________
Қосымша
құрал-жабдық: __________________________________________
Қосымша бағдарламалық
құралдар: ______________________________________________
Басқа: _________________________________________________
          Заңсыз таралудан қорғау (бар болуы, жалпы сипаттама):
________________________________________________________
          Қаржыландыру көздері (атап көрсету):

республикалық бюджет

жергілікті бюджет

басқа да заңды және жеке тұлғалардың қаражаттары

мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар

меншік қаражат

грант қаражаттары

сыртқы қарыздар

несие


                                              ____________________
                                                   иесінің қолы

      МО

   Күні ________________  

Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық  
кодтарды және нормативтік-техникалық    
құжаттаманы депозитарийда тіркеу, беру  
және сақтау туралы мәліметтерді ұсыну мен
депониттеуді сынақтан өткізу, тіркеу,   
беру, сақтау, толықтығын қамтамасыз ету 
Ережесіне 5-қосымша   

Нысан

Депониттеуге келіп түскен өтініштерді тіркеу журналы


р/р

Өтініш нөмірі

Түскен күні

Өтініш беруші – ұйымның атауы

Өтініш беруші (өтінішке немесе хатқа қол қойған басшы)

ҚАБЫЛДАДЫ






Т.А.Ә.

Қолы