Темекі бұйымдарының қорабына, темекі бұйымдарының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы туралы, деңгейі туралы және жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтерді және темекі шегушіліктің зияны туралы ескертуді орналасты

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 11 қарашадағы N 692/1 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5916 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 394 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.06.06 № 394 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертуі!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Темекі бұйымдарының қорабына, темекі бұйымдарының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы туралы, деңгейі туралы және жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтерді және темекі шегушіліктің зияны туралы ескертуді орналастыру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. "Темекі өнімдерін пайдаланудың зияны туралы ескерту мәтінін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 16 шілдедегі N 536 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2416 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
      6. Осы бұйрық "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілген күнінен және оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдiң
      міндетін атқарушы                                 Б. Садықов

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
міндетін атқарушының  
2009 жылғы 11 қарашадағы
N 692/1 бұйрығымен бекітілген

Темекі бұйымдарының қорабында, темекі бұйымдарының орамында шайырлы заттардың, никотиннің болу деңгейі және жүйелік улардың, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтерді және темекі шегушіліктің зияны туралы ескертуді орналастыру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Темекі бұйымдарының қорабына, темекі бұйымдарының қаптамасында шайырлы заттардың, никотиннің құрамы туралы, деңгейі туралы және жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтерді және темекі шегушіліктің зияны туралы ескертуді орналастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулықты сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленді және темекі мен темекі бұйымдарын импорттау, өндіру,  көтерме және бөлшектеп сату бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
      2. Шайырлы заттардың, никотиннің құрамы, деңгейі туралы мәліметтер темекі бұйымының қорабына немесе қаптамасына жазба түрінде енгізілуі және қораптың бір бүйіріндегі беті кем дегенде 4 %-ын алып жатуға тиіс.
      Құрамындағы кем дегенде үш зиянды қосынды - жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтер шегетін темекі  бұйымының қорабына немесе қаптамасына: "Темекі бұйымдарының түтінінде: формальдегид, бензол және көміртегі монооксиді бар" деген жазу түрінде енгізілуі тиіс.

2. Темекі шегудің зияны туралы ескерту

      3. Темекі шегудің және темекі бұйымдарын бұйымдарының пайдаланудың зияны туралы ескерту жазбаларды (бұдан әрі – ескертпе жазбалар) және (немесе) суреттерді, пиктограммаларды, кестелерді (бұдан әрі – ескертпе суреттер) қамтиды және темекі бұйымдарының адам денсаулығының жай-күйіне зиянды әсері туралы темекі бұйымдарының қораптарында, қаптамаларына жазылатын ақпаратты білдіреді.
      4. Ескертпе жазбалар түрлері бойынша мыналарға бөлінеді:
      1) негізгі;
      2) қосымша;
      3) ілеспе.
      5. Темекі бұйымдарының түрлері бойынша мыналарға бөлінеді:
      1) шегетін;
      2) шекпейтін.
      6. Шегетін темекі бұйымдары негізгі және қосымша ескертпе жазбалармен таңбаланады.
      7. Шегетін темекі бұйымдарын пайдаланудың зияны туралы негізгі ескертпе жазбаның мәтіні мынадай:
      мемлекеттік және орыс тілдерінде "Темекі бұйымдарының түтінінде формальдегид, бензол және көміртегі монооксиді бар".
      8. Шегетін темекі бұйымдарын пайдаланудың зияны туралы қосымша ескертпе жазбалардың мәтіндері мынадай:
      1) мемлекеттік және орыс тілдерінде "Темекі шегу инфаркт пен инсультқа шалдықтырады";
      2) мемлекеттік және орыс тілдерінде "Темекі шегу – өкпе обырына себепші";
      3) мемлекеттік және орыс тілдерінде "Темекі шегу – созылмалы өкпе ауруына себепші";
      4) мемлекеттік және орыс тілдерінде "Жүктілік кезіндегі темекі шегу Сіздің балаңызға зиянын тигізеді";
      5) мемлекеттік және орыс тілдерінде "Балаларды темекі түтінінен қорғаңыздар";
      6) мемлекеттік және орыс тілдерінде "Темекі шегуді тастау үшін дәрігерге қаралыңыз";
      7) мемлекеттік және орыс тілдерінде "Темекі шегуді бастамаңыз, ол тәуелділікке душар етеді";
      8) мемлекеттік және орыс тілдерінде "Темекі шегу жүрек және өкпе ауруларынан қайтыс болу қаупін арттырады";
      9) мемлекеттік және орыс тілдерінде "Темекі шегу ұзақ әрі ауыр өлімнің себепшісі";
      10) мемлекеттік және орыс тілдерінде "Темекі шегу импотенцияға себепші";
      11) мемлекеттік және орыс тілдерінде "Темекі шегу ерте қартайтады";
      12) мемлекеттік және орыс тілдерінде "Темекі шегу бедеулікке шалдықтырады".
      9. Шекпейтін темекі бұйымдары ескертпе жазбалармен таңбаланады.
      10. Шекпейтін темекі бұйымдарын пайдаланудың зияны туралы ескертпе жазбаның мәтіні мынадай:
      мемлекеттік және орыс тілдерінде "Бұл темекі бұйымы Сіздің денсаулығыңызға зиянды".
      11. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ескертпе суреттерін темекі бұйымдарын өндірушілерге, импорттаушыларға электронды тасымалдағыштарда мүмкіндіктері жоғары электрондық файлдар түрінде ұсынады.
      12. Ескіртпе суреттерді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган осындай суреттерді әрбір пайдалану мерзіміне он екіден аспайтын санымен бекітеді.
      13. Ескіртпе жазбаларды мен суреттерді пайдалану мерзімі оларды бекіткен күннен бастап кем дегенде 24 айды құрайды.
      14. Жаңа ескертпе жазбаларды және ескерту суреттерді қабылдаған не бұрын қолданыстағыларға өзгерістер енгізген жағдайда, темекі бұйымдарын өндірушілерге, импорттаушаларға осы өзгерістер қолданысқа енгізілгенге дейін мынадай өтпелі кезең беріледі:
      ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай – ескертпе жазбалары үшін;
      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган темекі бұйымдарын өндірушілерге, импорттаушаларға электронды тасымалдағыштарда мүмкіндіктері жоғары электрондық файлдарды берген күнінен бастап жиырма төрт ай - ескерту суреттері үшін.

3. Ескертпе жазбалары мен ескертпе суреттерін орналастыру тәртібі

      15. Темекі бұйымының қорабында, темекі бұйымының қаптамасында темекі шегудің зияны туралы ескерту болуға және мынадай талаптарға сай келуге:
      1) темекі бұйымы қораптарының, темекі бұйымының қаптамаларының көлемі бойынша әрбір үлкен жағының кем дегенде қырық пайызын алып жатуға;
      2) жылтыр орауыш пленкаға немесе қандай да бір басқа сыртқы орауыш материалға басылмауға;
      3) жазулар және (немесе) сурет, пиктограмма, кесте түрінде орындалға тиіс.
      16. Шегетін темекі бұйымдарының қорабындағы, қаптамасындағы ескертпе жазулар мынадай талаптарға сәйкес келуге:
      1) қара қоршау ауданын қоса алғанда, темекі бұйымы қораптар, темекі бұйымы қаптамаларының көлемі бойынша әрбір жағының кем дегенде қырық пайызын алып жатуға;
      2) осы Ереженің 7 және 8-тармақтарында көрсетілген бір негізгі және бір қосымша ескертпе жазбаларды қамтуға тиіс. Қосымша ескертпе жазбалардың әрқайсысы шамамен өндірушінің бір күнтізбелік жыл ішінде айналымға бір атауда шығарған шегетін темекі бұйымдары қораптарының, қаптамаларының санына тең жазылуы тиіс;
      3) бір негізгі және бір қосымша жазба шегетін темекі бұйымы қорабының, қаптамасының бір үлкен жағында (оң бетінде) мемлекеттік тілінде жазылуы, осындай ескертпе жазбалар шегетін темекі бұйымы қорабының, қаптамасының екінші үлкен жағында (оң бетіне қарама-қарсы бетіне) орыс тілінде жазылуы тиіс;
      4) ені кем дегенде үш миллиметр болатын қара қоршауда ақ түске барынша үлкен өлшемді қарамен ерекше белгіленген "Helvetica" шрифінде, темекі бұйымын қорабын, қаптамасын ашу кезінде қоршаудың ортасындағы осындай мәтіндердің тұтастығын қамтамасыз ететіндей анық басылған болуы тиіс. Жолақша аралығы шрифт биіктігінен аспауы тиіс;
      5) басқа баспа ақпаратымен немесе акциздік жинақтау маркалармен бүркелмеуі тиіс.
      17. Шекпейтін темекі бұйымдарының қораптарындағы, қаптамаларындағы, тұтыну ыдысындағы немесе парақ-жапсырмалардағы ескертпе жазбалар мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
      1) қара қоршау көлемін қоса алғанда, шекпейтін темекі бұйымдары қораптарының, қаптамаларының, тұтыну ыдысының немесе парақ-жапсырмалардағы сыртқы бетінің кем дегенде қырық пайызын алып жатуға;
      2) мемлекеттік және орыс тілдерінде негізгі ескертпе жазбаны қамтуға;
      3) ені кем дегенде үш миллиметр болатын қара қоршауда ақ түске барынша үлкен өлшемді қарамен ерекше белгіленген "Helvetica" шрифінде, темекі бұйымының қорабын, қаптамасын ашу кезінде қоршаудың ортасындағы осындай мәтіндердің тұтастығын қамтамасыз ететіндей анық басылған болуы тиіс. Жолақша аралығы шрифт биіктігінен аспауы тиіс;
      4) басқа баспа ақпаратымен немесе акциздік жинақтау маркалармен бүркелмеуі тиіс.
      18. Ескертпе суреттер мынадай талаптарға сәйкес келуге:
      1) темекі шегудің зияны туралы суретті немесе пиктограмманы немесе кестені және негізі ескертпе жазбаны қамтуға;
      2) ілеспе жазбаларды қоса алғанда, шегетін темекі бұйымдары қорабының немесе қаптамасының үлкен жағының (оң бетіне қарама-қарсы бетінде) сыртқы бетіндегі көлемінің кем дегенде қырық пайызын алып жатуға;
      3) шегетін темекі бұйымдары қорабының, қаптамасының бір үлкен жағына (оң бетіне қарама-қарсы бетіне) мемлекеттік және орыс тілдерінде темекі шегудің зияны туралы ілеспе жазбалармен жазылуға; екінші үлкен жағына (оң бетіне) осы Ереженің 7-тармағына сәйкес негізгі ескертпе жазбаның мәтіні жазылуға тиіс;
      4) ені кем дегенде үш миллиметр болатын қара қоршауда барынша үлкен өлшемді "Helvetica" шрифінде, ілеспе жазбамен басылған болуы тиіс. Ескертпе суреттер немесе пиктограммалар немесе кестелер темекі бұйымының қорабын, қаптамасын ашу кезінде осы суреттердің немесе пиктограммалардың немесе кестелердің тұтастығын қамтамасыз ететіндей басылған болуы тиіс. Ілеспе жазбалардағы жолақша аралығы шрифт биіктігінен аспауы тиіс;
      5) басқа баспа ақпаратымен немесе акциздік жинақтау маркалармен бүркелмеуі тиіс.