Халық денсаулығына қауіп төндіретін өнім түрлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы N 720 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5887 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № ҚР ДСМ - 34 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.04.2021 № ҚР ДСМ - 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 62-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Халықтың денсаулығына қауіп төндіретін мынадай өнім түрлері бекітілсін:

      1) химиялық заттар;

      2) генетикалық түрлендірілген объектілер;

      3) бояғыштар;

      4) тағам өнімдерімен және ауыз сумен байланысты материалдар мен бұйымдар;

      5) дезинсекция, дезинфекция және дератизация құралдары.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Ж. Досқалиев