"Патент беруге қорытынды жасаумен сортты сипаттаудың және сорттың патент қабілеттілігі туралы қорытындының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 26 наурыздағы N 168 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар е

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 23 қазандағы N 605 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 23 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5874 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 19 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2009 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге дайындық және оны өткізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі N 1165 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген 2009 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      "Әскери шеруді ұйымдастыру және өткізу" деген 2-бөлімде:
      3-бағанда:
      реттік нөмірі 13-жолдағы "1-30 тамыз" деген сөздер "20 шілде-30 тамыз" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 15-жолдағы "1-28 тамыз" деген сөздер "20 шілде-28 тамыз" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов