Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.09.2020 № ҚР ДСМ-110/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылы 18 қыркүйектегі Кодексінің 89-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы айғақтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. "Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымдарына, жетім балалар мен ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға орналастыруға медициналық қарсы айғақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 1 қыркүйектегі N 376 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4398 тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2006 жылғы 1 қарашадағы N 191 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық оны ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Ж. Досқалиев |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 5 қарашадағы N 493 бұйрығымен бекітілген |
Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы айғақтар тізбесі
1. Жіті жұқпалы аурулар
2. Туберкулез (белсенді туберкулездің кез-келген нысаны)
3. Алапес
4. Стационарлық емдеуді талап ететін мерез (белсенді нысаны)
5. Жұқпалы тері аурулары
6. Стационарлық емдеуді талап ететін орталық жүйке жүйесінің жіті аурулары
7. Стационарлық емдеуді талап ететін нәрленудің ауыр бұзылулары