Электр немесе жылу желілеріне қосатын және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосатын ең жақын нүктені анықтау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 1 қазандағы N 270 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5840 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 63 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 171 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж.,  N 12, 70-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражат беру ережесінде:
      6-тармақтың 1) тармақшасында:
      "дәнді дақылдарды" деген сөздерден кейін ", шитті мақта, балық және балық өнімдерін" деген сөздермен толықтырылсын;
      "май-тоң май өнімдерін" деген сөздерден кейін ", қант, құс еті мен жұмыртқа, құрама жем" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов