"Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылық өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 30

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 22 қыркүйектегі N 528 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 12 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5819 болып енгізілді

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2009.12.21 № А-12/446 қаулысымен

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабына, 2009 жылғы 22 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік Комитеті Жарқайың аудандық аймақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы ұсынысының негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Малдардың жұқпалы ауруларының пайда болуына байланысты (құтыру) Жарқайың ауданы Державин қаласы Степной кентінің аймағында шек қою іс-шаралары орнатылсын.
      2. Осы қаулының күші 2009 жылдың 19 қыркүйегінен бастап шыққан құқық қатынастарына таратылады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарқайың ауданы әкiмiнiң орынбасары М.Қ.Жүнісовке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың ауданының
      әкімі                                      А.Қалжанов

      КЕЛІСІЛГЕН:

      «Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігінің
      Агроөнеркәсіптік кешеніндегі
      мемлекеттік комитеті
      Жарқайың аудандық
      аймақтық инспекциясы»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Д.А.Ерғалиев

      «Ақмола облысы
      мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының Жарқайың
      ауданы бойынша бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    М.С.Жақсыбаев

      Акмола облысы
      Денсаулық сақтау басқармасының
      «Жарқайың орталық
      аудандық ауруханасы»
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорынының
      бас дәрігері                               Б.С.Ахметов