Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жатақханасынан тұрғын жайларды беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының  2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 02-01-02/160 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 8 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5814 болып енгізілді

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 184 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 12, 74-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірі 36-жол алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 44-1-жолмен толықтырылсын:

"

44-1

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Еңбекмині

Қыркүйек

Қазан

Желтоқсан

Б.Б. Нұрымбетов

".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов