Об утверждении Правил пользования общежитиями

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 3 июня 1993 года N 454

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 15 сәуiрдегi N 1184  қаулысын  орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

      1. 1993 жылғы көшiп келу квотасын облыстар бойынша қосымшаға сәйкес бөлу бекiтiлсiн.

      2. Облыстардың әкiмдерi:
      отандастардың отбасыларын қабылдап, орналастыруға байланысты мәселелердi шұғыл қарау жөнiнде облыстық комиссиялар құратын болсын;
      отандастардың отбасыларын қабылдау үшiн тұрғын үй және басқа да әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар әзiрлеу жөнiнде шаралар қабылдасын;
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Тұрғын үй шаралары үшiн халыққа берiлетiн несиелердiң мөлшерiн өсiру туралы" 1993 жылғы 21 сәуiрдегi N 322  қаулысына  сәйкес келiп жатқан отандастарға жеке және кооперативтiк тұрғын үй салуға несие бөлу жөнiнде жәрдем көрсетсiн;
      қоныс аударушылар жағдайға бейiмделiп, уақытша тұратын облыстық пункттер құратын болсын.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
      тарихи отанына қайтып келуге тiлек бiлдiрген отандастардың құқықтары мен бостандығын қорғау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары және тиiстi мемлекеттер арасында шарттар жасау шараларын жүзеге асыратын болсын;
      қоныс аудару кезiнде аумақтары арқылы өтетiн қоныс аударушыларға жәрдем көрсету жөнiнде тиiстi мемлекеттердiң Сыртқы iстер министрлiктерiне дипломатиялық жолмен хабарлайтын болсын. 

      4. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi Еңбек министрлiгiмен бiрлесе отырып, қоныс аударатын адамдарды, олардың жеке мүлiктерiн көшетiн мемлекеттiң аумағынан баратын жерлерiне дейiн тасымалдау тәртiбiн белгiлейтiн болсын.

      5. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi қоныс аударушылардың отбасы мүшелерiнiң бiлiм берудiң барлық түрлерiнде оқуын жалғастыруына, балаларын мектепке дейiнгi мекемелерге орналастыруға жәрдем көрсету жөнiнде шаралар қабылдайтын болсын.

      6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi өзiнiң тарихи отанына қайтып келуге тiлек бiлдiрген қазақтардың отбасыларына тұрғын үй салу және орналасу үшiн 1993 жылдан бастап қаржы бөлудi көздейтiн болсын.

      7. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi жол үстiнде қоныс аударушылардың жеке бастары мен мүлiктерiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн болсын.

      8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кеден бас басқармасы, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара әскерлерiнiң бас басқармасы мемлекеттердiң тиiстi органдарымен адамдарды және олардың жеке мүлiктерiн шекарадағы бақылау-өткiзу пункттерiнен жедел өткiзу мәселелерiн пысықтайтын болсын. 

      9. Қоныс аудару шараларын қаржыландыру "1993 жылғы арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Халықты жұмыспен қамтуға және көшiп-қонуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк қорының қаржысы есебiнен жүзеге асырылсын. 

      10.<*>
       ЕСКЕРТУ. 10-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.09. N 987  қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.08.18. N 1194  қаулысымен .

      11. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне Халықтың көшiп-қону департаментiнiң, еңбек және жұмыспен қамту жөнiндегi облыстық комитеттердiң (басқармалардың) ағымдағы есеп шотын ашу тапсырылсын. 

      12. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi облыстардың әкiмдерiмен бiрлесе отырып, қоныс аударушылардың жеке меншiгiндегi малын айдап келудi қамтамасыз етсiн. 

      13. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi қоныс аударушылар отбасының еңбекке жарамды мүшелерiн өнеркәсiп орындарына жұмысқа тарту мүмкiндiктерiн қарастырсын. 

      14. Қазақстан Республикасының Жастар iсi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi отандастардың отбасыларын орналастыруға көмек көрсету үшiн жастар мен студенттерден мүмкiндiгiне қарай ынталы топтар ұйымдастыратын болсын. 

      15. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi: 
      осы қаулыны орындау жөнiндегi жұмыстарды үйлестiрудi және бақылау орнатуды қамтамасыз етсiн, отандастардың қоныс аударуы жөнiндегi жұмыстардың барысы туралы ай сайын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне хабарлап отыратын болсын; 
      қоныс аударушыларды жұмыспен тиiмдi қамтуды қамтамасыз ету мақсатында олардың еңбекке жарамды отбасы мүшелерiн даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде шаралар қолданатын болсын;
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне осы қаулының орындалуы жөнiнде тоқсан сайын ақпарат берiп отыратын болсын.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi
 
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 27 мамырдағы
                                          N 437 қаулысымен
                                                Бекiтiлген

    1993 жылы көшiп келу квотасын облыстар бойынша
                       Бөлу

                                                (отбасы)


Мон-
ғолия

Иран

Ресей

Тәжі-
кстан

Өзбек-
стан

Түркі-
мен-
стан

Бар-
лығы

Ақмола
облысы

200

-

200

-

-

-

400

Ақтөбе
облысы

250

250

100

-

50

-

650

Алматы
облысы

100

250

50

50

50

-

500

Атырау
облысы

-

100

50

-

100

-

250

Шығыс
Қазақстан
облысы

350

-

250

-

-

-

600

Жамбыл
облысы

-

250

-

200

100

-

550

Жезқазған
облысы

200

-

100

50

50

-

400

Батыс
Қазақстан
облысы

-

200

300

-

-

-

500

Қарағанды
облысы

400

-

200

-

-

-

600

Қызылорда
облысы

-

150

-

-

50

50

250

Көкшетау
облысы

350

-

350

-

-

-

750

Қостанай
облысы

200

-

300

-

-

-

500

Маңғыстау
облысы

-

300

-

-

-

750

1050

Павлодар
облысы

200

-

400

-

-

-

600

Солтүстік
Қазақстан
облысы

200

-

250

-

-

-

450

Семей
облысы

200

-

150

-

-

-

350

Талды-
қорған
облысы

200

250

50

-

50

-

550

Торғай
облысы

150

-

200

-

-

-

350

Оңтүстік
Қазақстан
облысы

-

250

-

200

300

-

750

Жиыны

3000

2000

2950

500

750

800

10000