Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымды аккредиттеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 27 тамыздағы N 117 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5763 болып енгізілді

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 751 (2012.01.22 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.05.2016 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. "Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің "Сардар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 маусымдағы N 818 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      2-тармақтың 1) тармақшасы "қызметін" деген сөзден кейін ", сондай-ақ жеке күзетшілерді, жеке күзет ұйымында, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшесінде, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшесінде күзетші қызметін атқаратын қызметкерлерді даярлау мен қайта даярлауды (арнаулы оқыту курсы)" деген сөздермен толықтырылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов