"Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2009 жылғы 29 шілдедегі N 337 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда  Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5758 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011.08.06 № 496 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушылар, жүк және жүк багажы тасымалдарын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу N 2810 тізілімінде тіркелген) "Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3664 тіркелген, 2005 жылғы 15 желтоқсанда N 235-236 "Заң газетінде" және 2005 жылғы 15 желтоқсанда N 171-172 "Заң" газетінде жарияланған) және "Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушысының 2006 жылғы 21 ақпандағы N 54 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу N 4125 тізілімінде тіркелген, 2006 жылғы 7 сәуірде N 61-62 (1041-1042) "Заң газетінде" және 2006 жылғы 8 шілдеде N 28 (290) "Ресми газетте" жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережесінде:
      91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "91. Қызмет көрсету құны "жайлылығы өте жоғары" вагондардың жол жүру құнына кіретін жолаушыларға көрсетілетін қызметтер кешенін ұсыну тәртібін тасымалдаушы бекітеді.
      Жол жүру барысында бір бағытта жиырма және одан көп сағат болатын және құрамында кемінде төрт купелік вагон қатынайтын, сондай-ақ астананы республикалық маңызы бар қаламен жалғастыратын фирмалық жолаушылар поездарының, халықаралық және облысаралық қатынастағы поездардың құрамына кемінде бір вагон-мейрамхана қосылады.
      Тасымалдаушы уәкілетті органмен келісім бойынша жолаушылар поездарының құрамынан вагон-мейрамханаларды алып тастайды.
      Тасымалдаушы жолаушылар поездарында тамақтану қызметтерін көрсетудің тәртібі мен шарттарын "Жолаушылар поезының вагон-мейрамханасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2987 тіркелген) талаптарына сәйкес белгілейді.
      Жолаушылар тасымалдаушы жүк болған жағдайда поездың құрамына жүк вагонын қосады.".
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Б.Қ. Уандықов) мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне бұйрықтың ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                            Д. Көтербеков