"Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы N 83 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 шілдедегі N 379 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 11 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5744 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 15 шілдедегі № 619 бұйрығымен

      Ескерту. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты күші жойылды – Қостанай облысы әкімдігінің 2010.11.10 № 08-08/3045 хатымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес, "Жекешелендіру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Заңының 16-бабы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2009 жылы инвестициялық тендер өткізумен кейіннен сатып алу құқығымен сенім білдірілген басқарушыға беруге жататын Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтар көшесі, 14, мекенжайы бойынша орналасқан жалпы аумағы 99 шаршы метр бұрынғы мемлекеттік тұқым инспекциясы ғимараты мынадай шарттар бойынша белгіленсін:
      кейіннен сатып алу құқығымен сенім білдірілген басқарушыға мерзімі – 1 жыл;
      тұқымдық материалдың сорттық және егістік сапасын анықтау, астықты және азық-түлікті қайта өңдеуді сараптау жөніндегі қызмет профилін сатқаннан кейін үш жыл бойы сақтау.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкімі                                С. Кулагин

      КЕЛІСІЛДІ:

       "Қостанай облысы әкімдігінің
      қаржы басқармасы" ММ бастығы
      ____________ С. Аймұхамбетова
      2009.07.27 ж.