"Білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттау мен аккредиттеуден өткізуді ұйымдастыру бойынша нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2008 жылғы 5 наурыздағы N 109 бұйрығына өзгер

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 мамырдағы N 211 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 8 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5692 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 шілдедегі N 257 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің 2009 жылғы республикалық бюджеттен өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 164 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің 2009 жылғы республикалық бюджеттен өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде:
      7-тармақтың жетінші абзацы алынып тасталсын;
      Ережеге қосымшада:
      реттік нөмірі 7-жолдың "Өнімнің түрі" деген бағанында "Аммоний сульфаты*" деген сөздер "Аммоний сульфаты" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2009 жылғы 6 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов