Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, әлеуметтік қамсыздандыру қазыналық кәсіпорындары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 30 наурыздағы N 106-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 27 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5648 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 495 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы 1992 - 1993 жылдардағы сауда-экономикалық қатынастардың нәтижесінде пайда болған (корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуға өтуге дейін және одан кейін) берешекті өтеу туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 тамыздағы N 668 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы 1992 - 1993 жылдардағы сауда-экономикалық қатынастардың нәтижесінде пайда болған (корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуға өтуге дейін және одан кейін) берешекті өтеу туралы келісімде:
      1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Әзірбайжан Тарабы қазақстан Тарабының алдындағы 1992 - 1993 жылдардағы сауда-экономикалық қатынастардың нәтижесінде пайда болған (корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуға өтуге дейін және одан кейін) берешекті мойындайды.
      2. Тараптар Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдындағы берешек сомасын 16900000 (он алты миллион тоғыз жүз мың) АҚШ доллары мөлшерінде белгіледі.";
      2-бапта:
      1 және 3-тармақтардағы "2008" және "2009" деген цифрлар тиісінше "2009" және "2010" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      8-баптың 1-тармағындағы "туралы" деген сөзден кейін "дипломатиялық арналар арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы 1992 - 1993 жылдардағы сауда-экономикалық қатынастардың нәтижесінде пайда болған (корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуға өтуге дейін және одан кейін) берешекті өтеу туралы келісімге 1-қосымшада "2008" және "2009" деген цифрлар тиісінше "2009" және "2010" деген цифрлармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов