"Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелері саласында реттеліп көрсетілетін) қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жыл

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 26 ақпандағы N 66-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 11 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5586 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 53-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 20.02.2015 N 06/04 қаулысымен.

      Сот үкімі бойынша сотталған азаматтарды толық емес жұмыс күні жағдайында негiзгi жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін Саран қаласының нысандарындағы қоғамдық - пайдалы жұмыстарға тарту және оларды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық Кодексiнің 42 бабын, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару Кодексінің 30-33 баптарын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағын37 баптарын басшылыққа алып қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сотталған адамдарды қоғамдық жұмыстарға жазаны өтеу орны бойынша - "Абаттандыру" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны, "Саранкоммунсервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны және олардың түрі: қала аумағын тазалау және абаттандыру болып белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ш.М. Исеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Саран қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден кейін өз күшіне енеді және қалалық "Ваша газета" газетінде бірінші ресми түрде жарияланған күннен кейінгі 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Саран қаласының әкімі                      Е. Жиенбеков