"2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 3/14-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 5 қыркүйектегі N 9/115-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2008 жылы 10 қыркүйекте N 1993 тіркелді. Қолдану мерзімінің тоқтатылуына байланысты күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 2 қарашадағы N 802-1 хатымен

      "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне үлескерлер қатысатын аяқталмаған тұрғын үй объектілерін салуға қатысу үшін Алматы қаласының бюджетіне нысаналы даму трансфферттері түрінде аудару үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 10000000000 (он миллиард) теңге бөлінсін.

      2. Алматы қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов