"Жергілікті селоларда тұратын әлеуметтік салалардағы мамандарға отын алуға әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы N 9 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 18 ақпанда N 13-12-58 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 13 қарашада N 217 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.03.2013 № 126-ө-м бұйрығымен (01.05.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз.

      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

      1.»"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін өтініштің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 15 маусымдағы  N 136-ө бұйрығына (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2940 тіркелген,» "Юридическая газета" газетінде 2007 жылдың 22 тамызында N 128 (1331) жарияланған, нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 4853 тіркелген»"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 11 шілдедегі  N 153-ө бұйрығымен өзгерістер енгізілген) мынадай толықтыру енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін өтініштің нысанында:

      "жұмыстан айрылу жағдайына" деген сөздерден кейін»", жүкті болуы, босануына байланысты табысынан айырылуы жағдайына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылуы жағдайына және бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты табысынан айырылуы жағдайына" деген сөздермен толықтырылсын;

      "23" деген саннан кейін»"23-1, 23-2" деген сандармен толықтырылсын.

      2. Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру департаменті (Тоқсейітова Г.М.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қарым-қатынасқа қатысты қолданылады. 

      Министр