"Аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 174 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 23 шілдеде N 13-5-79 тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі N 160 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 16.04.2015 N 160 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабы 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 3-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айбек Оралбеқұлы Күшеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Тасмағанбетов

  Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 12 маусымдағы № 174
қаулысына қосымша

2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстарғанда жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі

1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
1) Үйдегі әлеуметтік көмек бөлімінің меңгерушісі;
2) Әлеуметтік жұмыс жөнінде маман;
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) Мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындар, соның ішінде мектепке дейінгі мемлекеттік мекемелер және қазыналық
кәсіпорындар басшылары мен орынбасары (соның ішінде бірінші);
2) мұғалім;
3) социолог;
4) психолог;
5) оқытушы;
6) тәрбиеші;
7) тәбиеші көмекшісі;
8) музыкалық жетекшісі;
9) нұсқаушы;
10) инженер;
11) әдістеме кабинетінің жетекшісі;
12) әдістемеші;
13) аудармашы;
14) дәрігер;
15) медициналық бике;
16) ем-дәм бикесі;
17) кітапханашы;
18) жетекші;
19) зертханашы;
20) кітапхана меңгерушісі;
21) интернат меңгерушісі;
22) хореограф;
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындар басшылары мен орынбасары (соның ішінде бірінші);
2) клуб меңгерушісі;
3) барлық атаулы суретшілер;
4) әдістемеші;
5) аға әдістемеші;
6) жетекші әдістемеші;
7) музыкалық жетекші;
8) аккомпаниатор;
9) хореограф;
10)библиограф;
11) кітапханашы;
12) кітапхана меңгерушісі;
13) редактор.