Көктемгі-күзгі маусымда көшпелі сауда орындарын анықтау туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 1350 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласы әділет басқармасында 2008 жылғы 16 маусымда № 9-1-108 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 29 қыркүйектегі № 1851 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына сәйкес және ішкі нарықты мұнай өнімдерімен тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасының аумағынан бензинді (СЭҚ ТН 2710 11 410 0 - 2710 11 590 0) және дизель отынын (СЭҚ ТН 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0) әкетуге 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін тыйым салынсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.29 N 800 Қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасы осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан бензинді және дизель отынын әкетуге тыйым салуды енгізетіні туралы хабардар етсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов