Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Қостанай облысы әкімдігі мен Қостанай облысы мәслихатының 2008 жылғы 15 тамыздағы N 10/122 бр бірлескен қаулысы мен шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 26 қыркүйекте № 3655 тіркелді

      "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы  Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне Арқалық қаласы үшін 2008-2009 жылдардағы жылыту кезеңіне отын мазутын сатып алуға Қостанай облысының әкімдігіне аудару үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен ағымдағы мақсатты трансферттер түрінде 958 443 000 (тоғыз жүз елу сегіз миллион төрт жүз қырық үш мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов